|   |   |  Уэльспен бірге Ардақ Тоғымов ширек финалға жолдама алды

Уэльспен бірге Ардақ Тоғымов ширек финалға жолдама алды

Уэльспен бірге Ардақ Тоғымов ширек финалға жолдама алды
Еуро-2016: Журналистер "Болжам-бәйгесі"

Еуропа чемпионатындағы Уэльс құрамасымен бірге ширек финалға Ардақ Тоғымов та жолдама алды.

«Болжам-бәйгенің» 1/8-финалында «Егемен Қазақстан» газетінің спорт тілшісі Дастан Кенжалинмен кездескен Штаттағы ұлттық командалар дирекциясы баспасөз қызметінің жетекшісі Ардақ Тоғымов Уэльс – Солтүстік Ирландия ұлттық құрамалары арасындағы кездесуге болжам жасаған. Екеуі де 2:0 есебіне бәс тігіпті. Сондықтан, қандай жағдай болмасын, қосымша көрсеткіштердің нәтижесіне жүгінуге тура келетін еді.

Мұнда да екеуінің ойлары бір жерден ұштасып жатты. Тек сары қағазға келгенде ғана Ардақ Тоғымовтың пікірі дәл келіп, соның арқасында ширек финал жолдамасын жеңіп алды.

Енді оның Арай Ізбай мен Ермұхамед Мәулен арасындағы текетірестен кейін белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, плей-офф кезеңінің ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Уэльс – Солтүстік Ирландия 1:0

Ардақ Тоғымов

Қорытынды есеп – 2:0

Бірінші таймның есебі – 1:0

Экстра тайм – болмайды

Гол соғуы мүмкін 3 ойыншы – Бэйл

Пенальти – бар

Қызыл қағаз – болмайды

Сары қағаз – 2-2

Дастан Кенжалин

Қорытынды есеп – 2:0

Бірінші таймның есебі – 1:0

Экстра тайм – болмайды

Гол соғуы мүмкін 3 ойыншы – Бэйл, Рэмзи, Робсон

Пенальти – болмайды

Қызыл қағаз – болмайды

Сары қағаз – 1-2

Тізімге қайта оралу