|   |   |  Еуро-2016: Болжамшылар Польшаның ширек финалға шығатынына сенімді

Еуро-2016: Болжамшылар Польшаның ширек финалға шығатынына сенімді

Еуро-2016: Болжамшылар Польшаның ширек финалға шығатынына сенімді
Еуро-2016: Журналистер "болжам-бәйгесі"

1/8-финал аясындағы Швейцария – Польша кездесуіне Руслан Меделбек пен Шалқар Естен болжам жасайды.

Бүгін Еуропа чемпионатында 1/8-финал ойындары басталады. Алдымен Сент-Этьен қаласының «Жоффруа Гишар» стадионында алаңға Швейцария және Польша құрамалары шығады. «Болжам-бәйгенің» «А» тобында 2-орынды иемденген Руслан Меделбек пен «С» тобынан 2-орынмен шыққан Шалқар Естен де Польша ширек финалға шығады деп, Левандовски бастаған жігіттерге үміт артып отыр. Ендеше бұл бәсекенің тағдырын қосымша көрсеткіштер шешеді.

"Болжам-бәйгенің" плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Руслан Меделбек, «Аламан.кз» сайты:  Польша өз тарихында алғаш рет Еуро ширек финалына шығады

Руслан Меделбек

Швейцария - Польша 1:2

Экстра тайм мен матч соңындағы пенальти бұл матчта болмайды. Матч тағдыры негізгі уақытта шешіледі. Бірінші таймда Польша бір гол салуы мүмкін, ал екінші таймда қос команда бір-бір голдан алмасады. Қос команданың ойыншылары да тарихи нәтижеге қол жеткізу үшін барын салары анық, сондықтан матчта біраз сары қағаз көрсетіледі. Болжауымша, Швейцария үш сары, Польша бір сары қағаз алады. Ал матчта қызыл қағаз көрсетіле қоюы екіталай. Матчта соғылатын үш гол да пенальтиден емес ойыншылардың комбинациясынан салынады. Ойында Левандовски мен Миликтен гол күтемін Сонымен болжамым Польша өз тарихында алғаш рет Еуропа біріншілігінің ширек финалына шығады.

Қорытынды есеп – 2:1 Польша

Бірінші таймның есебі – 1:0 Польша

Экстра тайм – болмайды

Гол соғуы мүмкін 3 ойыншы –  Левандовски. Милик. Шакири.

Пенальти – Болмайды

Қызыл қағаз – 0

Сары қағаз – 2-1

Шалқар Естен, «ҚазСпорт» телеарнасы: Бұл матчта бәрі мүмкін

Шалқар Естен

Швейцария – Польша 0:1.

Бұл кездесуге болжам айту - өзіңді орға жығумен бірдей. Менің ойымша, осы матчта бәрі мүмкін: поляктардың ұтуы немесе "сағат шеберлерінің" жеңісі, сондай-ақ ойынның тең аяқталуы да. Десек те, жарыс шартына сәйкес, нақты болжам қажет. Онда поляктар 1:0 есебімен ұтады деп көрейін. Гол екінші таймда соғылып, Левандовски мен Блащиковскидің бірі мергендігімен көзге түсер. Төреші үш сары қағаз көрсетеді, бірақ ешкім алаңнан қуыла қоймас. Сол сияқты пенальти белгіленеді дегенге сену қиын.

Қорытынды есеп – 0:1

Бірінші таймның есебі – 0:0

Экстра тайм – болмайды

Гол соғуы мүмкін 3 ойыншы – Левандовски, Блащиковски

Пенальти – болмайды

Қызыл қағаз – болмайды

Сары қағаз – 3

Тізімге қайта оралу