|   |   |  Жандос Айтбай – "Қайрат" - "Астана" кездесуінде төрешілер алаң иелеріне қол ұшын береді

Жандос Айтбай – "Қайрат" - "Астана" кездесуінде төрешілер алаң иелеріне қол ұшын береді

Жандос Айтбай – "Қайрат" - "Астана" кездесуінде төрешілер алаң иелеріне қол ұшын береді
Жандос Айтбайұлы Премьер-лиганың 18-турына болжам жасайды

Бұл айдар оқырмандар үшін ғана емес, букмекерлерге де таптырмас көмекші.

Ертең Қазақстан Премьер-лигасы ХVШІІ тур ойындары басталады. Матчтардың қалай өтетіндігі жөнінде өз болжамын «Хабар» телеарнасының спорт редакторы Жандос Айтбайұлы ұсынады.

Қайрат – Астана  1:0

18-ші турдың орталық кездесуіне баланған «Қайрат» пен «Астана» ойыны тартысқа толы болатыны түсінікті. Бірақ қарсыластар голдан тау тұрғызады деп айта алмаймын. Алаң иелеріне төреші қол ұшын беріп, бір доп айырмасымен басым түседі. Егер қазылар қараулық танытпаса кездесу тең аяқталуы мүмкін.

Ақжайық – Ордабасы 0:1

Қатарынан екі ойында азулы қарсыластарын аяқтан шалған Ордабасы Оралдан олжалы қайтады деген ойдамын. 

Оқжетпес – Ақтөбе 3:1

17-ші турда Ордабасыдан 0:2 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестіріп кеткен «Оқжетпес» футболшылары енді алғашқы минуттардан сауатты ойнауы тиіс. Өз алаңында тек «Астанаға» ғана жол берген Владимир Мұқанов шәкірттері «Ақтөбеге» ұпай бере салуы екіталай.  

Ертіс – Жетісу 2:1.

Маусым айын ала  құла өткізген «Ертіс» «Астананы» ұзатып алды. «Қайраттың» да өкшелеп қалғанын біледі. Сондықтан  алаң иелері енді ұпайдан шашау шығармауға тырысады.

Атырау – Шахтер 2:0

«Атыраудың»  соңғы уақыттағы аяқ алысы жаман емес. Соңғы үш ойында 9 ұпай алып, турнир кестесіндегі жағдайын біршама түзеп алды. Алтылықта қалу үшін алаң иелері  Шахтермен болатын ойында да аянып қалмайды.

Тараз – Тобыл 0:0

Жеңілістен көз ашпаған «Тараз» осы жолы жергілікті жанкүйерлер алдында намысқа тырысуы тиіс. «Тобылды» тобықтан шала салу оңай емес. Сондықтан теке тіреспен өтетін кездесу тең аяқталады деп топшылаймын.

Ал өткен жолы ел чемпионатының 17-тур ойындарына оралдық спорт журналисі Түгелбай Бисен болжам жасаған. Алты кездесудің нәтижесі бойынша еншісіне 4 ұпай жазды.

«Болжам-бұрыш» айдарының ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: