|   |   |  Еуро-2016: "В" тобындағы біз күткен нәтижелер

Еуро-2016: "В" тобындағы біз күткен нәтижелер

Еуро-2016: "В" тобындағы біз күткен нәтижелер
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі

Еуропа чемпионатының «В» тобы да мәресіне жетіп, плей-офф кезеңінің тікелей жолдамаларын Уэльс пен Англия құрамалары жеңіп алды. Сондай-ақ, «Болжамшылар бәйгесінің» де осы тобын қорытындылайтын кез жетті.

Соңғы турда Англия мен Словакия құрамалары алаңнан голсыз қайтса, Гарет Бейл бастаған Уэльс жігіттері Ресей қақпасына жауапсыз 3 гол соқты. Атап өтейік, болжамшыларымыздың ешқайсысы екі ойынның да нәтижелерін дұрыс тапқан жоқ. Көш басындағы Ардақ Тоғымов, тіпті екі матчтан бір ұпай да ала алмады.

Дегенмен, Англия – Словакия кездесуі Еламан Қоңыр мен Олжас Оқасовқа бір-бір ұпайдан сыйласа, Уэльс – Ресей матчының қорытындысын дәл тапқан Ришад Тұрғанбаев қоржынына бір баллды салды.

Осылайша «В» тобынан плей-офф кезеңіне Ардақ Тоғымов пен Еламан Қоңыр шықты. Ришад Тұрғанбаевтың «бәйгедегі» тағдыры басқа топтардағы нәтижелерге байланысты болмақ.

Еуро-2016. Болжам-бәйге

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: