|   |   |  Еуро-2016: “Болжамшылар бәйгесінің” плей-офф сатысындағы ережесі

Еуро-2016: “Болжамшылар бәйгесінің” плей-офф сатысындағы ережесі

Еуро-2016: “Болжамшылар бәйгесінің” плей-офф сатысындағы ережесі
Еуро-2016. Журналистер "Болжам-бәйгесі"

Қазақ тілді журналистер арасындағы “Еуро-2016: Болжамшылар бәйгесі” бәсекесінің плей-офф сатысындағы ережелерін жариялаймыз.

І. Болжам жасау тәртібі

Әр ойынға екі журналист болжам жасайды. Ойын нәтижесін тапқаны келесі кезеңге өтеді. Таба алмағаны бәйгемізден тыс қалады. Плей-офф ережесі – солай, талабы – “қатал”...

Сондықтан, болжамыңызды мейілінше нақтырақ және толығырақ сипаттайсыз. Өйткені бір жұпта бақ сынайтын екі әріптесіміздің де ойын нәтижесін дәл шешулері немесе жаза басулары әбден мүмкін. Ал келесі кезеңге сол екеуінің біреуі ғана шығуы керек. Сонымен:

1) Ойын нәтижесін нақты жазасыз (Мәселен – 2:1);

2) Матч негізгі уақытта аяқтала ма, әлде жеңімпаз экстра таймда анықтала ма, жоқ пенальтиге жүгінуге тура келе ме – осыны жіктеп жазуыңыз керек;

3) Ойын пенальтиге дейін созылып, жеңімпазды анықтау үшін 11-метрлік айып соққыларына жүгінуге тура келеді деп ойласаңыз, оның да есебін жазуыңыз керек;

4) Әр таймдағы есепті де тиянақты түрде баяндап шығуға тура келеді (Мәселен, жалпы есеп – 2:1, матч негізгі уақытта аяқталады, бірінші тайм – 1:0);

5) Әр құрама сапынан ойында гол соғатын екі немесе үш футболшының аты-жөнін бөле-жара атауыңыз керек (3х2=6, одан көп емес);

6) Матч барысында болуы мүмкін маңызды және елеулі жәйттерді тізіп шығуыңыз керек:

а) негізгі уақытта пенальти бола ма, жоқ па?

ә) қызыл қағаз алып, алаңнан қуылатындар бола ма, жоқ па?

б) екі құраманың ойыншылары қанша ескертуден алады?

ІІ. Келесі кезеңге кім шығады?

1) Ең бірінші – есепті дәл тапқаны! (мысалы, 2:1 есебімен аяқталған ойынды 2:1 деп табу).

2) Ойын есебін дәл таппаса да, қай команданың жеңіске жетіп, келесі кезеңге шығатынын шешкен журналист.

Еуро-2016. Журналистер "Болжам-бәйгесі"

Ескерту!

І) Екі болжамшының біреуі ойын есебін дәл тапса немесе қай құраманың жеңіске жететіндігін дұрыс шешсе, ал екіншісі плей-оффта ұтылып қалған командаға сенім артып, жаза басса, онда І-бөлімнің 4-6 тармақтарындағы шарттар есепке алынбайды.

ІІ) Плей-офф ойындардың бірі 2:1 есебімен аяқталып, бірақ жеңіс голы 15 минуттық экстра таймдардың бірінде соғылды делік. Ал біздің болжамшыларымыздың екеуі де матч 2:1 есебімен аяқталады деп дәл тапса, бірақ біреуі матчтың қай уақытта (негізгі, қосымша және пенальтиде) аяқталатыныдығын нақты көрсетпесе (мысалы, ұмытып кетсе), ал екіншісі кездесу тағдыры экстра таймда шешілетіндігін «шұқып» көрсетсе, онда әрине, келесі кезеңге екінші болжамшымыз шығады.   

Еуро-2016. Журналистер "Болжам-бәйгесі"

ІІІ. Егер екі болжамшы да ойын есебін дәл тапса:

Егер біздің екі болжамшымыз да ойын есебін дәл тапса (мәселен – 2:1), онда мына қосымша мәліметтер есепке алынады:

1) Жеңімпаз қай уақытта анықталды: негізгі уақытта ма, экстра таймдарда ма, пенальти соғудан басым түсіп пе?

2) Ойын есебімен қатар пенальти соғу нәтижесін де дәл тапқан журналист (мысалы: матч – 2:1, пенальти – 4:2);

3) Ойын есебін дәл тапқан және пенальти соғу нәтижесінде доп айырмасын долбарлаған (матч – 2:1, пенальти – 4:2 болды делік, ал біздің болжамшымыз: матч – 2:1, пенальти – 5:3)

4) Матчтың негізгі уақытындағы, содан кейін әр таймдағы ойын есебін дәл тапқан;

5) Ойынның негізгі уақыты мен экстра таймдарында гол соққан футболшыларды көбірек тапқан (1-3 футболшыны);

6) Егер осылардың бәрінен болжамшыларымыздың деректері бірдей болып шықса, онда келесі кезеңге шығатын журналист І-бөлімнің 6-тармағындағы талаптар бойынша анықталады (а, ә, б).

7) Егер мұнда да келесі кезеңге шығатын әріптесімізді анықтау мүмкін болмаса, онда екі болжамшының топтық кезеңдегі ұпайлары есепке алынады.

8) Егер топтық кезеңдегі ұпайлары да бірдей болса, онда «Total» қағидасы ескеріледі (Мысалы, топтық кезеңде екеуі де 11 ұпайдан еншілесе, бірақ біреуі ұш ойынның нәтижесін дәл шешсе, ал екіншісі – тек екі матчтың есебін; т.б.с.с)  

Еуро-2016. Журналистер "Болжам-бәйгесі"

ІV. Егер екі болжамшы да келесі кезеңге қай команданың шығатынын дұрыс тапса:

Егер біздің екі болжамшымыз да ойын есебін дәл таппаса да, келесі кезеңге қай құраманың шығатындығын дұрыс шешсе, онда мына шарттарға жүгінеміз:

1) Жеңімпаз қай уақытта анықталды: негізгі уақытта ма, экстра таймдарда ма, пенальти соғудан басым түсіп пе?

2) гол айырмасын дұрыс тапқан (мысалы, ойын – 2:1, ал біздің болжамшымыз – 3:2)

3) гол айырмасын мейілінше жобалап тапқан:

а) ойын – 3:0, біздің болжамшыларымыз – 2:0 және 1:0, онда матч 2:0 есебімен аяқталады деген журналист келесі кезеңге шығады);

ә) ойын – 1:0, біздің болжамшыларымыз – 3:0 және 2:0, онда матч 2:0 есебімен аяқталады деген журналист келесі кезеңге шығады);

4) гол айырмасын көп доп соғылады деп, мейілінше жобалап тапқан (мысалы, ойын – 3:1, біздің болжамшыларымыз – 2:1 және 1:0, онда матч 2:1 есебімен аяқталады деген журналист келесі кезеңге шығады).

Еуро-2016. Журналистер "Болжам-бәйгесі"

V. Егер екі болжамшы да ойын есебін де, келесі кезеңге қай команданың шыққанын дұрыс таппаса:

Егер біздің екі болжамшымыз да ойын есебі мен ойын қорытындысын дұрыс таба алмаса, яғни екеуі де бір құрама шығады деп ойлап, келесі кезеңге басқа команда шықса, онда мына шарттарға жүгінеміз:

1) Ойынның негізгі уақыттағы, одан кейін экстра таймдардағы есебін немесе нәтижесін (нақты бұл жағдайда, тең аяқталатындығын) дұрыс шешкен;

2) Матчтың бірінші таймдағы есебін дәл тапқан;

3) Ойынның негізгі уақыты мен экстра таймдарында гол соққан футболшыларды көбірек тапқан (әр құрама сапынан 2-3 футболшыдан);

3) Егер осылардың бәрінен болжамшыларымыздың деректері бірдей болып шықса немесе мүлде дұрыс болмаса, онда келесі кезеңге шығатын журналист І-бөлімнің 6-тармағындағы талаптар бойынша анықталады (а, ә, б).

4) Егер мұнда да келесі кезеңге шығатын әріптесімізді анықтау мүмкін болмаса, онда екі болжамшының топтық кезеңдегі ұпайлары есепке алынады.

5) Егер топтық кезеңдегі ұпайлары да бірдей болса, онда «Total» қағидасы ескеріледі.

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: