|   |   |  Еуро-2016: "Болжам-бәйгенің" алғашқы сенсациясы

Еуро-2016: "Болжам-бәйгенің" алғашқы сенсациясы

Еуро-2016: "Болжам-бәйгенің" алғашқы сенсациясы
Еуро-2016: Журналистер болжам бәйгесі

«Еуро-2016» додасында «А» тобы топтық ойындары толығымен аяқталып, плей-офф кезеңіне Франция мен Швейцария құрамасы жолдама алды. Онымен қоса, «Болжам-бәйге» бәсекесінде де алғашқы топтың жеңімпаздары анықталды.

Франия ұлттық құрамасы қанша тырысқанымен Швейцария қақпасынан саңылау таба алмады. Ойын 0:0 есебімен аяқталды. Дәл осы нәтижеге бәс тіккен «егемендік» Дастан Кенжалин 3 ұпай олжалап, кешегі Албания секілді Амангелді Сейітханды артқа тастады да, «А» тобын 3-орынмен қорытындылады. Оның еншісінде 7 ұпай. Плей-офф кезеңінен үміті бар. Енді өзге топтардың нәтижелерін күтеді.

Роза Әрен мен Руслан Меделбек Франция – Швейцария матчынан бір-бір ұпай арқалап, өз топтарының үздіктері атанды. Ал әу баста «А» тобының ғана емес, жалпы бәйгенің фавориті саналған Амангелді Сейітхан «Болжам-бәйге» бәсекесін тым ерте аяқтауға мәжбүр болды. Түндегі ойындардан еш ұпай ала алмады.

Айта кетейік, жеребе тарту барысында Роза Әрен 4-ші себет, Руслан Меделбек 3-ші себет, Дастан Кенжалин 2-ші себет және Амангелді Сейітхан 1-ші себетке орналасқан болатын.

Еуро-2016. Болжам-бәйге

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: