|   |   |  Еуро-2016: "Өлім тобындағылар" алғашқы ұпайларын алды

Еуро-2016: "Өлім тобындағылар" алғашқы ұпайларын алды

Еуро-2016: "Өлім тобындағылар" алғашқы ұпайларын алды
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі

«Еуро-2016» журналистер «Болжам-бәйгесінің» «Өлім тобындағы» журналистер осы бәсекедегі алғашқы ұпайларын еншіледі.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатында «Е» тобында Италия Златан Ибрагимович бастаған Швецияны 1:0 есебімен ұтса, Бельгия Ирландия құрамасын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Ал енді өзіміздің елге оралайық. Бірінші турда екі ойыннан да ең болмағанда бір ұпай ала алмаған «Е» тобының қатысушылары Сәкен Сыбанбай, Ермұхамед Мәулен, Рауан Оқас және Асқар Ағатаев екінші турда аздап болса да қоржындарына ұпай салды. Бір кездесудің нәтижесін дәл тауып, екіншісінің қорытындысын дұрыс болжаған ақтаулық Асқар Ағатаев көш бастаса, Италия – Швеция кездесуі 2:1 есебімен аяқталады, ал Бельгия ирландиялықтардың қақпасына жауапсыз екі гол соғады деген Сәкен Сыбанбай мен Ермұхамед Мәулен бірінде доп айырмашылығын, екіншісінде матч қорытындысын дәл тапқаны үшін қоржындарына үш ұпайдан салды. Рауан Оқас осы топтың әзірге аутсайдері. Ол бірінші матчқа 1:1 есебін тігіп, екіншісіне 2:1 деп көрген болатын.


Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойыншатанысуға болады.

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: