|   |   |  Түгелбай Бисен – "Ақтөбені" аутсайдер санағандар желкелерін қасып жүр

Түгелбай Бисен – "Ақтөбені" аутсайдер санағандар желкелерін қасып жүр

Түгелбай Бисен – "Ақтөбені" аутсайдер санағандар желкелерін қасып жүр
Премьер-лиганың 17-турына Түгелбай Бисен болжам жасады

Бұл айдар оқырмандар үшін ғана емес, букмекерлерге де таптырмас көмекші.

Ертең Қазақстан Премьер-лигасы ХVІІ тур ойындары басталады. Матчтардың қалай өтетіндігі жөнінде өз болжамын Батыс Қазақстан облысының спорт журналисі Түгелбай Бисен ұсынады.

Атырау – Тараз 2:1

Бұл екі ұжым арасындағы матчтардың статистикасын қарап отырсақ Атырау ұжымында басымдылық бар екен. Тіпті, «Тараз» өз алаңында 4 мәрте ұтылған. Бұл ойын «Мұнайшы» стадионында өтетінін ескерсек «Атарау» жеңіске жетеді деуге толық негіз бар. Өйткені «Тараз» «Атырауды» қонақта бір рет қана ұтып көріпті.

Ия, атыраулықтар Ұланнан айырылды, «Таразға» Алиев пен Григорьев келді деулері мүмкін. Бірақ «Тараз» сапындағы алғашқы ойынын голмен ашқан Алиев пен оның ұжымына батысқа барған екінші сапар да сәтті бола қоймас. Оның үстіне «Ақжайықты» ойсыратқан алаң иелері жанкүйерлерінің қуанышын одан әрі жалғастыра түскілері келетіні анық.

Шахтер – Ақжайық 1:1

"Кәрі құрлық" турнирлерінің күзгі маусымына алғаш болып жол ашқан кеншілердің басына қара бұлт үйіріліп тұр. Турнирлік кестедегі орны да қуантпайды. Бірақ «Ақжайықтың» да айдарынан жел есіп тұр деуге келмейді. Екі команданың өзара кездесулеріне көз салсақ, 14 матчтың бірінде оралдық ұжым жеңіске жетсе, бір ойын тең аяқталған.  Осы тур да тең есеп күтемін өз басым.

Астана – Ертіс 2:1

Маусымды қарқынды бастаған Ертіс соңғы кездері сылбыр ойнап жүр. Астана болса, турнирлік кесте басында. Керекті ұпайларын қоржынға ептеп салып жатыр.  Бұл ойын осы турдың орталық матчы. Оның үстіне Стойлов шәкірттері өткен турда Ордабасыны жеңе алмаған Қайраттан одан әрі ұзай түсудің қамын ойлайды. Сондықтан Таңат пен оның достары тең есептің өзіне қанағаттанбайды.

Ордабасы – Оқжетпес 0:0

Кесте көршілерінің кездесуі көрерменге керемет эмоция сыйлағанымен бұл ойында гол болмайды деп ойлаймын. Биылғы маусымда бұлар барлық жағынан бір-бірімен тең командалар. Ойын да тең аяқталады.

Ақтөбе – Қайрат 0:2

Маусым басында Ақтөбені аутсайдер санағандар қазір таңдай қақпағанымен желкелерін қасып жүргені анық.  Бірақ қазіргі Қайратты ұту Өткелбай немереснің шәкірттерінің қолынан келеді дей алмаймын. Оның үстіне өткен турда ұпай жоғалтқан Қайратқа жолығу кім-кімге де оңай емес.

Жергілікті жанкүйерлердің қызу қолдауынан күш алатын Куаджа мен компания Қобландыда оңайлықпен берілмейді. Дегенмен Қайраттың маховигі қосылды. Кез-келген команданы тізе бүктіріп, өзіне керекті ұпайды ала алады.

Жетісу – Тобыл 2:1

Тағы бір кесте көршілерінің ойыны. Бапкер ауысқан кезде біраз ұжым сілкінетіні анық. Бірақ Жетісу Тобылға жол беруі екі талай. Оның үстіне қазір команда өз күшін сене бастады. Тұрысбек пен оның достарынан жеңіс күтуге болады.

Ал өткен жолы ел чемпионатының 16-тур ойындарына алматылық спорт шолушысы Бек Төлеуов болжам жасаған. Алты кездесудің нәтижесі бойынша еншісіне бар болғаны 2 ұпай жазды.

Бек Төлеуовтің ХVІ-турға жасаған болжамдарының қорытындысы

Ойындар

Б. Төлеуовтің болжамы

Ұпай

Ертіс – Ақтөбе 4:1

1:0

1

Оқжетпес – Шахтер 3:0

0:0

0

Тараз – Жетісу 2:3

1:1

0

Тобыл – Астана 1:2

1:1

0

Ақжайық – Атырау 0:4

1:2

1

Қайрат – Ордабасы 2:2

2:0

0


«Болжам-бұрыш» бәйгесіне қатысқан журналистердің рейтиңгі

Орын

Журналист

Ұпай

Тур

1

Ермұхамед Мәулен

11

VI

2-3

Руслан Меделбек

6

ХІV

2-3

Сәкен Сыбанбай

6

Х

4-5

Арай Ізбай

5

ХІІ

4-5

Рауан Оқасов

5

ІХ

6-8

Ермек Төрениязов

4

VIII

6-8

Әділ Жақанов

4

ХІІІ

6-8

Руслан Бақытжан

4

ХV

8-9

Ғабит Сапарбеков

3

VII

8-9

Төлеубек Әділбекұлы

3

V

10-11

Нұржан Туғанбай

2

ХІ

10-11

Бек Төлеуов

2

XVI

11

Есей Жеңісұлы

1

IV

«Болжам-бұрыш» айдарының ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу