|   |   |  Еуро-2016: Германия мен Украина болжамшыларды ұпайсыз қалдырды

Еуро-2016: Германия мен Украина болжамшыларды ұпайсыз қалдырды

Еуро-2016: Германия мен Украина болжамшыларды ұпайсыз қалдырды
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі

«Еуро-2016» додасында «С» тобының екінші туры болжамшыларымыз үшін тым ауыр болды. Бәрі де Украина мен Германияның жеңістеріне сенген еді. Өкініштеріне қарай, болжамдары шықпады.

Украина – Солтүстік Ирландия кездесуінде төрт қатысушы да алғашқыларының жеңісіне сенімді болған. Бірақ күтпеген жерден ұтылып қалған украиндар журналистерімізді жасытты.

Германия ұлттық құрамасы да күтпеген жерден Польшамен тең түсіп қалды. Бәрі де «Бундестимнің» жеңісіне бәс тіккен. Алайда «неміс мәшинесі» жүрмей қойды. Пандар қорғаныста сауатты ойнап, қақпаларына доп дарытқан жоқ. Нәтижесінде, бұл турда ешкім жалқы ұпай да ала алмады.

Бұған дейін «Е» тобының қатысушылары да бірінші турда бірде-бір балл ала алмаған болатын. Осымен екінші рет біздің бәсекеде осындай жағдай тіркеліп отыр.

Еуро-2016. Болжам-бәйге

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу