|   |   |  Еуро-2016:Роза Әрен мен Руслан Меделбек плей-офф мәселесін шешіп тастады ма?

Еуро-2016:Роза Әрен мен Руслан Меделбек плей-офф мәселесін шешіп тастады ма?

Еуро-2016:Роза Әрен мен Руслан Меделбек плей-офф мәселесін шешіп тастады ма?
Еуро-2016. Журналистер болжам бәйгесі

«Еуро-2016» додасының «Болжам-бәйгесін» ермек етіп жүрген «А» тобындағы журналистерінің екінші турдан кейінгі турнир кестесі белгілі болды.

Роза Әрен мен Руслан Меделбек екі ойынның да тура нәтижесін тауып, еншісіне алты ұпай жазды. Дастан Кенжелин кешегі екі кездесудің біреуінің нәтижесін дәл тауып, үш ұпайды қанағат қылса, «Франция ұлттық құрамасы Албанияны 3:0 есебімен ойсырата жеңеді» деп пікір білдірген Амангелді Сейітхан бір ұпайды қоржынға салды.

Осылайша «А» тобының турнир кестесінде Роза Әрен мен Руслан Меделбек 9 ұпаймен көш бастап тұр. Амангелді Сейітхан 5 ұпаймен үздік үштікті қорытындыласа, еншісінде 4 баллы бар Дастан Кенжалин "А" тобын қорытындылап тұр.

Енді бұл топта тағы бір турдың ойындары қалды. Барлығы сол жерде шешіледі. Румыния мен Албания кездессе, Франция Швейцария жанкүйерлерінің жүйкесін тексеріп көреді.

 
Еуро-2016. Болжам бәйге

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: