|   |   |  Еуро-2016. Роналдуға сенбей топтан озды

Еуро-2016. Роналдуға сенбей топтан озды

Еуро-2016. Роналдуға сенбей топтан озды
Еуро-2016. Болжам-бәйге

Еуропа чемпионатында топтық кезеңнің бірінші туры толық аяқталды. Барлық командалардың әлеуеттерін байқадық. «Болжам-бәйгенің» де алғашқы турын қорытындылауға болады.

«F» тобының Аустрия – Венгрия кездесуі болжамшыларымыз үшін өте сәтсіз болды. Төлеубек Қадырмолла да, Арай Ізбай мен Бек Төлеуов те, шымкенттік Ғабит Сапарбек те қателесіп, бірде-бір ұпай ала алмады. Үшеуі аустриялықтардың жеңісіне сенімді болып, Ғабит тең есепке бәс тіккен. Ал ойын мажарлардың жеңісімен аяқталды.

Есесіне Португалия – Исландия кездесуінің қорытындысын Арай Ізбай дәл тапты. Ол тең есептің тіркелетінін болжаған еді. Қалған үшеуі Криштиану Роналдуға сеніп, ұпайсыз қалды. Осылайша, бұл топта көш басында Арай Ізбай. Қалғандары келесі ойындарға үміт артады.

Еуро-2016. Болжам-бәйге

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: