|   |   |  Еуро-2016: Ибрагимович пен Италия болжамшыларды ұпайсыз қалдырды

Еуро-2016: Ибрагимович пен Италия болжамшыларды ұпайсыз қалдырды

Еуро-2016: Ибрагимович пен Италия болжамшыларды ұпайсыз қалдырды
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі

«Еуро-2016» журналистер «Болжам-бәйгесіне» қатысқан журналистердің алғашқы ұмтылыстары сәтсіз болды.

Бұл өлім тобы болатын. «Е» тобының ойындарына болжам жасау құқығы Сәкен Сыбанбай, Ермұхамед Мәулен, Рауан Оқас және Асқар Ағатаевқа берілген. Ирландия – Швеция матчынан ешқайсысы да ұпай ала алмады. Бәрі де Златан Ибрагимовичке сеніп, шведтер жеңеді деген пікір білдірген еді. Ойын тең аяқталып, ұпайсыз қалды.

Үміт Бельгия – Италия кездесуінде болған. Бәрі де Бельгияның мықтылығына сенімді еді. Үшеуі тең ойнайды деп бәс тіксе, біреу, тіпті, «қызыл сойқандар» «Скуадра Адзурраны» тізерлетеді деп топшылаған. Бірақ бүгін емес. Италия қарсылас қақпасына жауапсыз екі гол соғып, болжамшыларды сан соқтырып кетті.


Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу