|   |   |  Еуро-2016: “Болжамшылар бәйгесінде” бақ сынайтындар

Еуро-2016: “Болжамшылар бәйгесінде” бақ сынайтындар

Еуро-2016: “Болжамшылар бәйгесінде” бақ сынайтындар

Сүйінші! Францияда өтетін 2016 жылғы Еуропа чемпионаты кезінде қазақ тілді журналистер арасында “Болжамшылар бәйгесін” ұйымдастырамыз.

Жалпы ереже

Футбол десе, жарғақ құлағы жастыққа тимейтін жанкүйерлер үшін – үлкен қуаныш. Боладысымен дегбірді алған Еуропа чемпионатының басталуына төрт-ақ  күн қалды. Финалдық  додаға шыққан 24 құраманың сапында Қазақстан құрамасы жоқ болса да, спорттық журналистеріміздің Еуро-2016 додасына бейтарап қарай алмайтындарын білеміз.

Осыған орай, Астана футбол федерациясының ақпараттық-сараптамалық порталы Францияда өтетін дүбірлі дода барысында «Болжамшылар бәсекесін» ұйымдастырғалы отыр. Жеңімпазға дайындап отырған бас бәйгеміз де бар. Оны сәл кейінірек жарияламыз.

Бәйгемізге келер болсақ, оған тура Еуропа чемпионатындағыдай 24 үміткер қатысады. Олар да «Еуро-2016» додасындағыдай алты топқа тең бөлінеді – “A”, “B”, “C”, “D”, “E”  және “F”.

24 үміткер, төрт қоржын

Бәйгемізге қатысатын 24 журналисттің тізімі бекітілді. Олардың бәрі де – бұл жөнінде хабардар. Ертең таңертең жеребе тарту рәсімін жүргіземіз (келіп, өз көзімізбен көремін деушілерге есігіміз – ашық).

Біз де 24 журналисті төрт қоржынға (себетке) бөлдік. Осы ретте, айта кетуге тиіспіз, “болжамшылар” арасында бәйге ұйымдастырып отырғанымыз бүгін ғана емес. Қазірдің өзінде Қазақстан премьер-лигасының әрбір туры сайын қазақ тілді журналистердің бірінің болжам-жорамалын жариялап, бәйге өткізіп келеміз. 2014 жылғы әлем чемпионаты кезінде де өткізгенбіз (бірақ басқа басылымда). Яғни осы жобаларымызда көзге түсіп жүрген әріптестеріміз алғашқы себеттерге түсті.

Десек те, бірінші себетке негізінен аға буын өкілдерін орналастырдық. Ал “болжамшылар” арасындағы бәйгемізге алғаш рет қатысып отырғандар мен аймақтардағы әріптестеріміз төменгі себеттерге жөнелтілді. Сонымен 24 үміткеріміз төрт себетке төмендегідей болып жіктелді:



Тізімге қайта оралу