|   |   |  Сәкен Сыбанбай – Алаңға атақ пен ақша емес, футболшы шығады

Сәкен Сыбанбай – Алаңға атақ пен ақша емес, футболшы шығады

Сәкен Сыбанбай – Алаңға атақ пен ақша емес, футболшы шығады
Сәкен Сыбанбайдың Премьер-лиганың 10-турына жасаған болжамы

Бұл айдар оқырмандар үшін ғана емес, букмекерлерге де таптырмас көмекші.

Ертең Қазақстан Премьер-лигасы 10-тур ойындары басталады. Матчтардың қалай өтетіндігі жөнінде өз болжамын спорт сарапшысы Сәкен Сыбанбай ұсынады.

«Ақтөбе» – «Атырау» – 1:0

Екі командаға да тән ортақ кемшілік – тұрақтылық жоқ. Бірде әжептәуір ойын көрсетсе, келесі турда білгенінен жаңыла қалады. Бұл ойында алаң иелері сәл басымдық байқатады деп ойлаймын. Кейінгі үш матчты тең аяқтаған «Атырау» бұл жолы ұпай ала алмайды.

«Ертіс» – «Тараз» – 3:1

Көш бастаған командалардың бірі аутсайдерді қабылдайды. Меніңше, нәтиже белгілі, «Ертістің» еркін жеңіске жететініне күмән жоқ. Дегенмен, «Тараз» да бір гол соғуға қауқар табатын сияқты.

«Ордабасы» – «Шахтер» – 2:1

Кейінгі уақытта өз алаңынан гөрі қонақта сәттірек өнер көрсетіп жүрген «Шахтер» Шымкентте де оң нәтижеге қол жеткізуге тырысатыны анық. Әйтсе де, «Ордабасының» алға қойған өз мақсаттары бар. Өте тартысты өтетін ойында алаң иелерінің мерейі үстем болады дейді ойым.

«Астана» – «Ақжайық» – 1:0

Ең көп жеңіске жеткен команда мен ең жиі ұтылып жүрген ұжымның кездесуінде қандай нәтиже болуы мүмкін? Әрине, көш басында келе жатқан елордалық клуб жеңіске жетеді. Бірақ гол көп соғылмайды-ау, сірә. «Астана» осыған дейінгі 8 жеңісінің тең жартысына, оның ішінде кейінгі 3 жеңісіне жалғыз голмен-ақ қол жеткізді.

«Жетісу» – «Оқжетпес» – 0:0

Көкшетаулық клуб турнир кестесінде әлдеқайда жоғарыда келе жатқанымен, Талдықорғаннан үш ұпай әкету оған оңайға түспесі анық. Өйткені, көш соңында қалған «Жетісуға» да ұпай ауадай қажет. Қос команда да жеңу үшін барын салатыны күмән тудырмайды, алайда бұл ойында көрермен жұртшылық мүлде гол көрмеуі де мүмкін.

«Тобыл» – «Қайрат» – 1:1

Дәл қазір бұл екі команда турнир кестесінде қатар тұр. Ұпай саны да бірдей, жеңісі де бірдей, доп айырмасы да шамалас. Рас, қостанайлықтардың бір ойыны кем. Ал командалардың құрамы мен қаржылық ахуалын салыстырсақ, «Қайраттың» басымырақ екенін байқау қиын емес. Алайда, алаңға атақ пен ақша шықпайды, футболшы шығады, нәтижені шеберлік пен командалық ойын шешеді. Бұл жағынан қос ұжым да әл-әзір мақтана алмайды. Үздік алтылыққа енуүшін екі команда да үш ұпай олжалауға тырысары хақ, алайда дәл қазір деңгейлері қарайлас қарсыластардың ол әрекеттерінен ештеңе шықпай, матч тең аяқталады деп ойлаймын.      

Ал өткен жолы ел чемпионатының 9-тур ойындарына спорт журналисі Рауан Оқасов болжам жасаған. Алты кездесудің нәтижесі бойынша еншісіне 5 ұпай жазды

Рауан Оқасовтың 9-турға жасаған болжамдарының қорытындысы

Ойындар

Р. Оқасовтың болжамы

Ұпай

Ақжайық – Ақтөбе 0:0

2:2

1

Оқжетпес – Астана 0:1

2:1

0

Ертіс – Тобыл 3:1

2:0

2

Тараз – Шахтер 1:2

2:1

0

Атырау – Ордбасы 2:2

1:1

1

Қайрат – Жетісу 2:0

4:1

1


«Болжам-бұрыш» бәйгесіне қатысқан журналистердің рейтиңгі

Орын

Журналист

Ұпай

Тур

1

Ермұхамед Мәулен

11

6

2

Рауан Оқасов

5

9

3

Ермек Төрениязов

4

8

4-5

Ғабит Сапарбеков

3

7

4-5

Төлеубек Әділбекұлы

3

5

6

Есей Жеңісұлы

1

4

"Болжам-бұрыш" айдарының ережесімен міне сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу