Главная страница
 |   |   |   |  BAQ league. Екінші маусымның таңдаусыз құрамы немесе үміт ақтамаған үздіктер

BAQ league. Екінші маусымның таңдаусыз құрамы немесе үміт ақтамаған үздіктер

BAQ league. Екінші маусымның таңдаусыз құрамы немесе үміт ақтамаған үздіктер
BAQ league. Екінші маусымның таңдаусыз құрамы немеме үміт ақтамаған үздіктер

Италия, Франция сынды чемпионаттарда, жалпы әртүрлі турнирлерде үміт ақтамағандардың немесе сәтсіз ойнаған футболшылардың символикалық құрамын жасап жатады.

Әлбетте, бұл сол командаға кірген ойыншының шеберлігі төмен деген сөз емес. Керісінше, мұндай құрамдарға шебер, тәжірибелі, өздерін бұған дейін дәлелдеп қойған ойыншылар кіреді. Тек осы маусымда әртүрлі себептерге байланысты өз әлеуеттерін толық паш ете алмады. BAQ league-да мұндай ойыншылар аз емес. Ендеше екінші маусымның үміт ақтамаған үздіктерінің символикалық құрамын ұсынамыз.

Қақпашы

Қанат БАЗЫЛХАН (Жеңіс)

Рүстем Серғазиннен айрылып қалғаннан кейін «Жеңіс» жетекшілері Қанат Базылханға үлкен үміт артты. Бірақ кез келген турнирдің үздік қақпашысы атанып үйреніп қалған «хабарлық» легионер «Жеңіс» үшін сегіз-ақ ойын өткізді. Онда да оның үшеуі кубоктық ойындардың еншісінде. Егер барлық ойында командасымен бірге болғанда Қанат Базылхан «таңдаусыздар құрамында» емес, «таңдаулы командасынан» орын алуы әбден мүмкін еді.

Резерв: Саят САБЫРБАЕВ (Қазмедиа) – Маусым басында талай гол жіберген Саят Сабырбаев жасыл алаңда емес, залда өзін еркін сезінетінін мойындады.

Қорғаушылар

Асқар МҰХТАРОВ (Қазақстан)

Капитанның жүгі аса ауыр. Оны көтере алатындар да, көтере алмайтындар да кездеседі. Өкінішке қарай, Асқар Мұхтаров командасын алға жетелей алмады. Әдетте, бір өзі кез келген ойынның тағдырын шешіп кететін ол биылғы маусымда екі-ақ голмен шектелді. Ал үшінші турда қарсыласына қоқан-лоқы көрсетті де, үш ойыннан аластатылып, командасын өте қиын жағдайға қалдырып кетті.

Арай ІЗБАЙ (Қазспорт)

Өткен маусымның соңында аяғынан аса ауыр жарақат алып, бір айдай гипспен жүрген Арай Ізбай жарақатынан сол күйі айыға алмады. Шабуылшылар да одан оп-оңай өтіп кетіп жатты. Осылайша, көпшілікке «Қытай қорғаны» деген атпен танымал болған Арай Ізбай биылғы маусымда жай ғана «төбешік» болып қалды.

Резерв: Мұхтар ЫБРАЙЫМ (Хабар) мен Аят ДҮЙСЕМБАЕВ (Ел арна) – алғашқысына биыл өз мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыруға жарақаты кедергі болса, екіншісі капитандық дәрежесіне қарамастан көп жағдайда ойындарға келмей қалып, командасын қиын жағдайға қалдырып жатты.

Орталық ойыншы

Есет ЖҰБАЕВ (Қазақстан)

Жазғы маусымда ұлттық арна ойыншысы Есет Жұбаев өз өзіне ұқсаған жоқ. Иә, жекелеген матчтарда Жұбаевтың дриблингтеріне көрермендер қол соғып жатты. Бірақ ешнәрсе шеше алмаған соң ондай финттардың қажеті не? Керісінше, ол жоқ кезде «қазақстандықтардың» ойыны жарқын болған сияқты көрінді.

Резерв: Еркебұлан ШУАШОВ (Хабар) – Қателесуіміз мүмкін, бірақ «Хабар» Еркебұланның командасы емес секілді. Өйткені, бірінші маусымда «Қазақ ТВ» командасының көшбасшысы болып, көрермендердің көзайымына айналған еді.

Шабуылшылар

Бекнұр НҰРМАҒАМБЕТ (Қазақ радиосы).

Бекнұр үшін өткен маусым сансыз сары қағаздармен және дисквалификациялармен есте қалатын болды. Қысқы маусымда әр матчта гол соғып көзге түскен ол бұл жолы көбіне ескерту алумен ғана шектелді. Бір ойында төбелескен футболшыларды мойнынан қылқындырып, «ажыратқаны» үшін үш ойыннан аластатылды. Ал командасы жазғы маусымда бар болғаны 6-орыннан көрініп, кубокта жартылай финалда сүрінді.

Қанат ТАКИРОВ (Қазмедиа)

Өзі де мойындайды ғой, жазғы маусымда Қанат Такировтың ойыны мүлдем жүрмеді. Кейбір сәтте доптан қорқып, қарсылас қақпасының алдында «теңбіл снарядты» қайда бағыттарын білмей, абдырап қалып та жатты. Шыны керек, гол соғуды ұмытып қалғандай. Бәлкім, қысқы маусымда даладан залға ауысқанда ойыны жүретін шығар.

Резерв: Гайдар ИСКАКОВ (Қазақстан) мен Аян ӘБДУӘЛИ (Егемен Қазақстан) – Өкінішке қарай, Гайдар Искаков екінші турда-ақ аяғынан ауыр жарақат алып, маусымның қалған бөлігін лазаретте өткізді. Ал қысқы маусымда қорғаушылардың «қорқынышты түсіне» айналған Аян Әбдуәли бұл жолы өзін қорғаныста да тексеріп көрді, орта шепке де үйренісуге тырысты, алғы шепке де шықты. Бірақ сол күйі алаңнан өз орнын таппай кетті.

Журналистер лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Журналистер лигасының серіктестері:

«ҚазМедиа» орталығы, «Астана» футбол клубы, «Қазспорт» инстаграм парақшасы, «Life football» дүкені, «Алмазная су» компаниясы. 

Тізімге қайта оралу