Главная страница
 |   |   |   |  BAQ league. Үздік ойыншы – Кім кімге дауыс берді?

BAQ league. Үздік ойыншы – Кім кімге дауыс берді?

BAQ league. Үздік ойыншы – Кім кімге дауыс берді?
Азамат Бертисов – BAQ league екінші маусымының үздік ойыншысы

BAQ leaguе екінші маусымын қорытындылауды жалғастырамыз. Ендігі кезек үздік ойыншы номинациясында.

Әуелі Ұйымдастыру комитет әдеттегідей бұл номинациядан үмітті 20 ойыншыны екшеп алып, оларды BAQ league-ға қатысқан командалардың капитандары мен вице-капитандарына ұсынған болатын. Ал ең көп дауысты тағы да «Хабар» сұрмергені Азамат Бертисов жеңіп алып, екінші маусымның үздік шабуылшысы, әрі үздік ойыншысы атанды. Оған басты BAQ leaguе серіктесі «Life football» спорттық дүкенінің 32 мың теңгелік сертификаты табысталды.

Бұл номинацияда екінші орынды «Хабар 24» қорғаушысы Бимухамед Букеев еншілесе, «Егемен Қазақстан» командасының көшбасшысы Еркебұлан Алдабергенов үздік үштіктен көрінді.

Ұйымдастыру комитеті екшеген 20 үміткердің ішінен бірде-бір дауыс жинай алмаған екі ойыншы бар. Олар «Elorda aqparat» қорғаушысы Айбек Рахымов пен «Жеңіс» қақпашысы Әкімжан Әкімбеков.


 

Журналистер лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Журналистер лигасының серіктестері: 

«ҚазМедиа» орталығы, «Астана» футбол клубы, «Қазспорт» инстаграм парақшасы, «Life football» дүкені, «Алмазная су» компаниясы. 

Тізімге қайта оралу