|   |   |   |  BAQ league. Үздік қорғаушы – Кім кімге дауыс берді?

BAQ league. Үздік қорғаушы – Кім кімге дауыс берді?

BAQ league. Үздік қорғаушы – Кім кімге дауыс берді?
Ершат Қожатаев – BAQ league екінші маусымының үздік қорғаушысы

BAQ leaguе екінші маусымын қорытындылауды жалғастырамыз. Ендігі кезек қорғаушыларда.

Әуелі Ұйымдастыру комитеті бұл номинациядан үмітті 15 ойыншыны екшеп алып, оларды BAQ league-ға қатысқан командалардың капитандары мен вице-капитандарына ұсынған болатын. Ал ең көп дауысты басты бәсекелесі, әрі командаласы Бимухамед Букеевтен бір ұпайға артық жинап, 34 дауысқа қол жеткізген Ершат Қожатаев жеңіп алды. Үшінші орындағы «Elorda aqparat» командасының қорғаушысы Елтай Нұрғазин. Ұйымдастыру комитеті екшеген 15 үміткердің ішінен тек Қасым Исламов қана бірде-бір дауыс жинай алмаған.

 

Журналистер лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Журналистер лигасының серіктестері: 

«ҚазМедиа» орталығы, «Астана» футбол клубы, «Қазспорт» инстаграм парақшасы, «Life football» дүкені, «Алмазная су» компаниясы. 

Тізімге қайта оралу