|   |   |   |  BAQ league. Үздік қақпашы – Кім кімге дауыс берді?

BAQ league. Үздік қақпашы – Кім кімге дауыс берді?

BAQ league. Үздік қақпашы – Кім кімге дауыс берді?
BAQ league. Екінші маусымның үздік қақпашысы – Дмитрий Покидаев

BAQ leaguе екінші маусымын қорытындылауды бастаймыз. Алғашқы кезек қақпашыларда.

Екінші маусымның біріншілігінде алаңда ең көп уақыт өткізген қақпашы – Нұрбол Самат. Қалған командалардың қақпаларын кемінде екі ойыншыдан қорғап шықты. Ал «Қазмедиа», «ТК Астана», «Dixinews.kz» қақпаларын тіпті, бес-алты ойыншыдан күзетті. Дегенмен, үздік ондықтан орын алып, «Үздік қақпашы» атағына үміткер болғанымен Нұрбол Самат бірде-бір дауыс жинай алмады.

Ал команда капитандары мен вице-капитандарының дауыс берулерінің қорытындысы бойынша екінші маусымның үздік қақпашысы болып «ТК Астана» командасының қақпашысы Дмитрий Покидаев танылды. Барлығы 73 ұпай жинаған ол басты бәсекелесі «хабарлық» Айбек Қабылшадан 45 дауысқа озып кетті. Үшінші орында 15 дауыс жинаған «Қазақ радиосының» қақпашысы – Мұхтар Тұртаев.



Журналистер лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Журналистер лигасының серіктестері: 

«ҚазМедиа» орталығы, «Астана» футбол клубы, «Қазспорт» инстаграм парақшасы, «Life football» дүкені, «Алмазная су» компаниясы. 

Тізімге қайта оралу