Главная страница
 |   |   |   |  BAQ league-ның екінші маусымы мәресіне жетті

BAQ league-ның екінші маусымы мәресіне жетті

BAQ league-ның екінші маусымы мәресіне жетті
BAQ league-ның екінші маусымы мәресіне жетті

Елордамызда шағын футболдан журналистер арасындағы BAQ league додасының екінші маусымы мәресіне жетті. Журналистер кубогының финалынан кейін бірден марапаттау рәсімі өтіп, үздіктер мен жүлдегерлер марапатталды.

Мамырдың 20-сы күні басталып, 22 шілдеге дейін жалғасқан BAQ league-ның жабылу салтанатына «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Шахризат Сейдахмет ән айтып, жеңіл атлетикадан Азияның үш дүркін чемпионы Виктория Зябкина құрметті қонақ болды. Сондай-ақ, Астана футбол федерациясы тағайындаған номинациялардан бөлек, кейбір командалар өз аттаранынан да арнайы номинациялар бөліп, біраз журналист жүлделі болды.


BAQ league-2017 үздіктері:

АФФ НОМИНАЦИЯЛАРЫ:

Үздік сұрмерген – Құмарбек Азат (Жеңіс) – 24 гол.

Үздік қақпашы – Дмитрий ПОКИДАЕВ (ТК Астана),

Үздік қорғаушы – Ершат ҚОЖАТАЕВ (Хабар 24),

Үздік шабуылшы – Азамат БЕРТИСОВ (Хабар),

Үздік ойыншы – Азамат БЕРТИСОВ (Хабар),

Көрермендер көзайымы – Дания АБДИЛОВА (Қазспорт).

АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР:

«Ең үздік төреші» («Қазспорт» телеарнасы) – Әліби МЕРҒАЗЫ,

«Ең жауапты капитан» («Қазспорт» телеарнасы) – Талғат ҚАЙЫРГЕЛДИН (Dixinews.kz),

«Ең батыл ойыншы» («Қазспорт» телеарнасы) – Мағжан ТӨЛЕУОВ (Қазмедиа),

«Мәңгілік жеңімпаз» («Хабар» телеарнасы) – Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ (Қазспорт),

«Мәңгілік жеңімпаз» («Хабар» телеарнасы) – Бек ТӨЛНУОВ (Sport 59),

«Ең мәдениетті ойыншы» («Егемен Қазақстан» газеті) – Досымжан ЕРМҰРАТ (Қазақ радиосы),

«Азаматтық мінезі үшін» (Қазақ радиосы) – Хасан ТАШЕНОВ (Хабар 24),

«Жыл жаңалығы» («Elorda aqparat» медиа ресурсы) – Дәурен БЕРІКҚАЖЫ (Sport 59).

КОМАНДАЛЫҚ НОМИНАЦИЯЛАР:

Журналистер кубогының жеңімпазы – Хабар,

Журналистер кубогының финалисі – Жеңіс.

BAQ league. 1-орын: Хабар,

BAQ league. 2-орын: Elorda-aqparat,

BAQ league. 3-орын: ТК Астана.

Жалпы, «BAQ league» БАҚ өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қызметкерлердің бірлігі мен татулығын арттыратын, сондай-ақ, жаңа таныстыққа жол ашып, ұжым арасындағы әріптестікті достыққа айналдыратын Қазақстан журналистері арасындағы толыққанды футбол біріншілігіне айналды. Бүгінде «BAQ league» брендімен БАҚ өкілдері арасындағы шағын футбол біріншіліктері елордамыздан бөлек, Алматы және Ақтау қалаларында өтті. Ал Астанадағы Журналистер лигасына Алматы, Павлодар, Шымкент сынды қалалардан журналистер келіп қатысып жатыр. Бұл «BAQ league» жобасының танымалдылығынан деп білеміз.


Айта кетейік, Астана қаласының футбол федерациясы 2016 жылдың желтоқсан айында шағын футболдан журналистер арасындағы «BAQ league» жобасын қолға алған. Барлығы 11 команда қатысқан сол додада «Хабар» агенттігінің командасы чемпион атанса, «Қазақ радиосы» екінші орынды иемденіп, «Sportsffa.kz» сайты үздік үштіктен көрінген.

«BAQ league»-ның екінші маусымы биыл 20 мамырда басталып, 22 шілде күні мәресіне жетті. Республикамыздағы әр БАҚ өкілдерінен құралған барлығы 14 команда әр аптаның сенбі және жексенбі күндері елордамыздың «Тарлан-Арена» спорт кешенінің алаңында кездесіп, үздіктерді анықтады.

«BAQ league» екінші маусымының біріншілігінде бас жүлдені тағы да «Хабар» командасы жеңіп алып, Журналистер лигасының екі дүркін чемпионы атанса, екінші орын «Elorda aqparat» агенттігіне бұйырып, «Астана» телеарнасы үздік үштікті қорытындылады.

 

Сондай-ақ, биылдан бастап «BAQ league» біріншілігімен қосамжарлана  шағын футболдан Журналистер кубогы да қолға алынған. 22 шілде күні елордамыздың «Тарлан-Арена» спорт кешенінде жартылай финалдық ойындар мен финалдық матч өтіп, «BAQ league» кубогының жеңімпазы анықталды. Жартылай финалға «Хабар», «Қазақ радиосы», «Жеңіс» және «Қазспорт» командалары шыққан. Финалда «Хабар» 7:2 есебімен «Жеңісті» жеңіп, алтын дубль жасады.

Журналистер лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойыншатаныса аласыздар.

Журналистер лигасының серіктестері: 

«ҚазМедиа» орталығы, «Астана» футбол клубы, «Қазспорт» инстаграм парақшасы, «Life football» дүкені, «Алмазная су» компаниясы. 

Тізімге қайта оралу