|   |   |   |  Футболдан «Журналистер лигасын» құрамыз ба?

Футболдан «Журналистер лигасын» құрамыз ба?

Футболдан «Журналистер лигасын» құрамыз ба?

Бәлкім, журналистер арасында бір лига құрып, демалыс күндері доп тебеміз?.. Астана футбол федерациясының футзалдан немесе шағын футболдан осындай бір Лига құрсақ деген ұсынысы бар.

Құрметті, спорт журналистері, қолдарына қалам мен микрофон ұстаған әріптестер!

Астана футбол федерациясының сіздерге бір ұсыныс тастағысы келіп отыр. Біздің федерацияның қанатының астында неше түрлі лига бар. Тіпті оқушылар арасындағы «Мектеп лигасы» да бар. Ал «Журналистер лигасы» әлі жоқ...

Бәлкім, журналистер арасында бір лига құрып, демалыс күндері доп тебеміз? Көптеген журналистер бірігіп, әр жерден зал жалдап, әлек болып жүреді. Ондай ұжымдардың қайсыбіріне адам жетіспей, ойындары қызықсыз болып жатады. Не болмаса, аядай залға бірнеше команда қысылысып, кейбіреулері алаңда көп ойнай алмай, тер «қатырып» отырып қалады. Қайсыбіреулер өздеріне қолайлы уақытта ойнайтын футбол алаңын таппай, зыр қағады...

Ал «Журналистер лигасын» құрсақ ше? Онда күрмеуі күрделі мұндай «ұсақ-түйек» проблемалардан арыласыздар. Бәрін де Астана футбол федерациясы өзі ұйымдастырады. Төрешілермен де қамтамасыз етеді. Ойыннан кейін жуынатын, киім ауыстыратын бөлмелерді де қарастырады.

Футзалдан немесе шағын футболдан осындай бір Лига құрсақ деген ұсынысымыз бар. Егер қолдасаңыздар, бұл лиганың додаларын дәстүрлі түрде үздіксіз ұйымдастырып, өткізілу тәртібін жариялаймыз. Барлықтарыңызға да регламентін жібереміз. Тіпті қысқы және жазғы маусымға бөліп тастауға да болады.

Сонымен жауаптарыңызды, пікірлеріңізді күтеміз...

Тізімге қайта оралу