|   |   |   |  «Есіл-2» «Төрешілер vs Ойыншылар» турнирінде топ жарды

«Есіл-2» «Төрешілер vs Ойыншылар» турнирінде топ жарды

«Есіл-2» «Төрешілер vs Ойыншылар» турнирінде топ жарды

Жексенбі күні, яғни 18 қазанда «Төрешілер vs Ойыншылар» турнирінің шешуші ойындары өтіп, жүлдегерлер анықталды.

Бұл додада бірде-бір ұпай жоғалтпай «Есіл-2» командасы жеңімпаз атанды. «Beeline» командасы екінші орынға ие болып, «Астана-1964» үшінші орынды еншіледі.

Сондай-ақ әр шептегі үздік ойыншылар анықталды. Михаил Деревянко («Есіл-2») «Үздік қақпашы», Акбар Тәженов («Астана-1964») «Үздік қорғаушы», ал Бағлан Әшімов («Beeline») «Үздік шабуылшы» номинацияларында теңдессіз танылды. Ал «Үздік ойыншы» жүлдесі Әнуар Тұрлыбаевқа («Есіл-2») бұйырды.

Астана футбол федерациясы осы турнирге қатысқан командалар мен ойыншылардың бәріне де алғыс білдіреді. Әрі бұл турнирдің дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратындығы жоспарланып отырғандығын мәлімдейді.

Тізімге қайта оралу