Главная страница
 |   |   |   |  Астана футбол федерациясының жеткіншектері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

Астана футбол федерациясының жеткіншектері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

Астана футбол федерациясының жеткіншектері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды
Астана футбол федерациясының жеткіншектері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

Астана футбол федерациясының Балалар футбол орталығы Екібастұз қаласында өткен республикалық турнирге қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.

Екібастұзда өткен 2005 жылғы балалар арасындағы турнирге еліміздің солтүстік аймақтарынан барлығы сегіз команда қатысты. Елордамыздың намысын Астана футбол федерациясының Александр Черников жаттықтыратын балдырғандар қорғаған. Бірақ топтық кезең оңай тиген жоқ. Топтан тек екінші орынмен ғана шыға алды.

Есесіне жартылай финалда Александр Черниковтің шәкірттері Павлодардың «Ертісін» 5:3 есебімен ұтып, ақтық айқаста Павлодар құрамасын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Давид Голев соғып, матчтың үздік ойыншысы атанса, БФО-ның тағы бір жеткіншегі Давид Меновщиков турнирдің үздігі номинациясына ие болды.

– Қысқы маусымда аптасына үш рет «Жас батыр» спорт кешенінде жаттығу өткізіп тұрамыз. Бізге футболшы болам деп келген балалардың барлығына да есігіміз ашық. Әрдайым осындай турнирлерге қатысып, үнемі жоғары орындардан көрініп жүрміз. Бұл турнир де біз үшін сәтті болды. Шәкірттерімнің барлығы да өздерін жақсы қырларынан көрсете білді, - деді Александр Черников.

Тізімге қайта оралу