Главная страница
 |   |   |   |  Балалар футболы. Оқушылар лигасын №37 орта мектеп жеңіп алды

Балалар футболы. Оқушылар лигасын №37 орта мектеп жеңіп алды

Балалар футболы. Оқушылар лигасын №37 орта мектеп жеңіп алды
Балалар футболы. Оқушылар лигасын №37 орта мектеп жеңіп алды

Елордамыздың мектептері арасындағы Оқушылар лигасы мәресіне жетті. 2008 жылғы жеткіншектер арасындағы бәсекеде №37 орта мектептің командасы жеңіске жетіп, Түркияға берілетін жолдаманы жеңіп алды.

Биыл Оқушылар лигасына жүзге жуық мектеп қатысқан болатын. Екі аптаға созылған бәсекенің финалына №37 орта мектеп пен №60 мектеп-лицейі шықты. Екеуі де елордамыздағы ең мықты командалар. Футболы дұрыс жолға қойылған мектептердің бірі. 2015 жылы №37 мектеп бас жүлдені жеңіп алып, Түркияға барып қайтқан. Былтыр №60 мектеп чемпион атанып, Жерорта теңізінің жағалауында бір апта бойы демалған. Енді міне, бас жүлдені тағы да осы командалар сарапқа салды.

Бірінші тайм голсыз аяқталғанымен үзілістен кейін лицейліктер қарқындарын күшейтіп, бірден есеп ашты. Алайда, ойынның аяқталуына екі минут қалғанда орта мектеп оқушылары таразы басын теңестіріп кетті. Пенальти сериясында Әбікен Төкенұлы жаттықтыратын №37 орта мектеп 2:1 есебімен жеңісті жұлып алды.

Үшінші орын үшін №65 мектеп-гимназиясы №61 орта мектепті 4:0 есебімен ойсырата ұтты.

Ойыннан кейін бірден марапттау рәсімі өтіп, жүлдегерлер мен жеңімпаздарға естелік медальдар табысталды. Ал №37 орта мектептің командасы кубоктан бөлек, Түркияға бір апталық демалыс жолдамасын да жеңіп алды. Сондай-ақ, төрт жолдама номинациялардың иегерлеріне бұйырды.

ОҚУШЫЛАР ЛИГАСЫ

1-орын: №37 орта мектеп

2-орын: №60 мектеп-лицей

3-орын: №65 мектеп-гимназия

Үздік ойыншылар:

Үздік қақпашы – Игорь Марченко (№60 мектеп-лицей)

Үздік қорғаушы – Бақұстар Абатбек (№60 мектеп-лицей)

Үздік шабуылшы – Асланбек Марат (65 мектеп-гимназия)

Үздік ойыншы – Мақсат Абраев (№65 мектеп-гимназия)


Тізімге қайта оралу