Главная страница
 |   |   |   |  Астана футбол федерациясының Балалар футбол орталығы Junior лига жеңімпазы атанды.

Астана футбол федерациясының Балалар футбол орталығы Junior лига жеңімпазы атанды.

Астана футбол федерациясының Балалар футбол орталығы Junior лига  жеңімпазы атанды.
Астана футбол федерациясының Балалар футбол орталығы Junior лига турнирінің жеңімпазы атанды.

Астана футбол федерациясының Балалар футбол орталығы Junior лига турнирінің жеңімпазы атанды.

Кеше елордамызда балалар футбол академиялары арасындағы Junior лига бәсекесі мәресіне жетті. Үш жас аралығы бойынша өткен турнирге Александр Черников жаттықтыратын Балалар футбол орталығы да қатысқан болатын. Черников бұл додаға екі команда қосты. 2002/2003 жылғы жеткіншектері 10 команда арасында үшінші орынды иеленсе, 2004/2005 жылғы балдырғандары қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені жеңіп алды. Бұл Александр Черниковтың соңғы екі аптадағы екінші ірі жетістігі. Бұған дейін оның 2008 жылғы шәкірттері елордамыздың футбол мектептері арасында өткен біріншілікте екінші орынды иемденген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Астана футбол федерациясының Балалар футбол орталығы 2015 жылы ашылған. Дәл қазір қаланың үш нүктесінде орталықтың филиалдары жұмыс істейді. «Сарырарқа» велотрегінде, Астана теміржол вокзалы аумағында және «Тарлан-Аренада» балалар жаттықтырады. Өз балаңызды футболға бергіңіз келсе, Астана футбол федерациясына хабарласыңыз.

Тізімге қайта оралу