Главная страница
 |   |   |   |  Балалар футболы. Астанада Оқушылар лигасы басталды

Балалар футболы. Астанада Оқушылар лигасы басталды

Балалар футболы. Астанада Оқушылар лигасы басталды
Елордамызда Оқушылар лигасы басталды

Астанада футболдан 2008 жылғы жеткіншектер арасында Оқушылар лигасы басталды. Екі аптаға созылатын біріншіліктің ашылу салтанатында Астана футбол федерациясы мектептерге футбол формаларын табыстады.

Осымен бесінші жыл қатарынан өтіп жатқан Оқушылар лигасының биылғы бәсекесіне елордамыздың барлығы елуден астам мектебі қатысуға ниет білдіріпті.  Кеше «Шығыс» балалар-жасөспірімдер спорт орталығының алаңында ашылу салтанаты өтіп, Астана футбол федерациясы мектептерге футбол формаларының жиынтығын табыстады.

–  Биылдан бастап елорда мектептерінде бастауыш сыныптарға футбол сабағы арнайы пән ретінде енгізілді. Яғни, бұрын аптасына екі сағат дене шынықтыру пәніне бөлінсе, биылдан бастап үшінші дене шынықтыру сағаты қосылды. Ол толығымен футболға арналады, - деді «Шығыс» балалар-жасөспірімдер орталығының директоры Нұрлан Тәженов.

Данат МҰХАМЕТҒАЛИЕВ, Астана футбол федерациясының менеджері:

– 2008 жылғы балдырғандар арасындағы біріншілік екі аптаға созылады. Осы аралықта командалар бірнеше кезеңнен өтуі тиіс. Қазір Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, чемпион команданы шетелге оқу-жаттығу жиынына жіберу жайлы мәселені талқылап жатырмыз. Сондай-ақ, Оқушылар лигасының қарсаңында қаладағы біраз мектептерге футбол формаларының жиынтықтарын табыстадық.

Екі аптаға созылатын біріншіліктің алғашқы ойындары басталып та кетті. Әр турдың нәтижелерімен біздің сайтымызда таныса аласыздар.

Тізімге қайта оралу