Главная страница
 |   |   |   |  Балалар футболы. Астана біріншілігінің аяқталуына екі апта қалды

Балалар футболы. Астана біріншілігінің аяқталуына екі апта қалды

Балалар футболы. Астана біріншілігінің аяқталуына екі апта қалды
Балалар футболы. Астана біріншілігінің аяқталуына екі апта қалды

Биыл бірінші рет қолға алынған балалар арасындағы шағын футбол біріншілігі мәресіне жақындап қалды. Енді екі турдан кейін елордамыздың чемпиондары мен жүлдегерлерін білетін боламыз.

Балалар арасындағы ойындарда есеп маңызды емес. Мейлі, команда 10:0 есебімен ұтсын, мейлі дәл осындай есеппен ұтылсын, бірақ, ең бастысы бұл емес. Әйтеуір, футболды тастамай, әр ойыннан тәжірибе жинап, әр матчтан өзіне қажетін ала білсе болғаны. Нәтижені  17 жастан асқанда талап етуге болады. Қазіргісі – өмірлік сабақ.

Астанада өтіп жатқан балалар біріншілігі де сондай ұранмен өтіп жатыр. Рас, бәрі де жеңіске ұмтылады. «Астана» футбол орталығының командаларымен текетірескілері келеді. Бірақ, «біз аутсайдерміз, соңында қалып қойдық» деп жүрген ешкім жоқ. Бәрі де біріншілікті соңына дейін өткеруді көздейді. Өйткені, бұл болашақ футбол жұлдыздары үшін үлкен мектеп.

Жексенбі күні «Тарлан-Арена» стадионында балалар біріншілігінің кезекті ойындары өтті. «Астана» футбол орталығының кезекті жеңістері туралы дифирамба ойнамай-ақ қояйық. Олардың өз жастарының арасында бірінші және екінші орындарды бөлісіп алатыны анық. Ең маңыздысы – бұл біріншілік елорда балалар футболына үлкен серпін әкелді.

Астана балалар біріншілігінің хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу