Главная страница
 |   |   |   |  Астанада "Alaska cup" халықаралық турнирі өтті

Астанада "Alaska cup" халықаралық турнирі өтті

Астанада "Alaska cup" халықаралық турнирі өтті
Астанада "Alaska cup" халықаралық турнирі өтті

Астанада шағын футболдан балалар арасында «Alaska cup 2017» халықаралық турнирі өтті. Биыл бірінші рет ұйымдастырылған бұл бәсеке Астана футбол федерациясының аясында өтті.

2003-2004 жылғы жеткіншектер арасында бас жүлдені турнир қожайындары «Eagles-Astana» командасы жеңіп алды. Ал 2006-2007 жылғы балдырғандар бәсекесінде «Астана» футбол орталығына тең келер ешкім болған жоқ.

Айта кетейік, турнирдің басты серіктесі BI Group компаниясы үздіктерге естелік сыйлықтар мен кубоктар үлестіріп, осы балалар арасынан болашақта Криштиану Роналду және Лионель Месси сынды әлемді бағындырар таланттардың шығатындықтарына сенім білдірді.

Ал келесі жылы бұл турнирге Қырғызстан, Ресей командалары да қатысуға ниет білдіріп отыр.


Тізімге қайта оралу