Главная страница
 |   |   |   |  Балалар біріншілігінде каникул жоқ

Балалар біріншілігінде каникул жоқ

Балалар біріншілігінде каникул жоқ
Балалар біріншілігінде каникул жоқ

Жазғы каникул мерзіміне қарамастан елордамызда балалар біріншілігі өз кестесі бойынша жалғасып келеді. Өткен демалыстың басты сенсациясын Астана футбол федерациясының Александр Черников жаттықтыратын АФФ командасы жасады.

2008 жылғы балдырғандар арасындағы бәсекеде Александр Черников шәкірттері «Астана» футбол орталығының екінші командасымен кездескен. Тәжірибелі «астаналықтар» ойынды қарқынды бастағанымен команда ретінде АФФ балдырғандары жақсы ойнады. Ойынның 10-шы минутында Әмір Төлебаев есеп ашқаннан кейін болашақ «астаналықтар» абдырап қалғаны рас. Тек соңғы минутта ғана есепті теңестіріп, құдды бір, Чемпиондар лигасын ұтқандай қуанды. Осылайша АФФ-тың 2008 жылғы балдырғандары жүлдеге таласты жалғастырып келеді.

Астана футбол федерациясының Бейбітжан Мамырайымов жаттықтыратын 2007 жылғы балалар командасы, өкінішке қарай, «Астана-2» командасынан 0:8 есебімен ойсырай жеңілді.

АСТАНА БАЛАЛАР БІРІНШІЛІГІ

2008 ж.

11-тур (09.07.17 ж., сенбі)

АСТАНА-1 – БЖСМОР-2 2:1

ФФА – АСТАНА-2 1:1

ҚУАТ – БЖСМОР-1 1:6

2007 ж.

9-тур (09.07.17 ж., сенбі)

БФО – АСТАНА-2 0:8

АСТАНА-1 – PRO-FOOTBALL 8:3

ЭВЕРЕСТ – БЖСМОР-2 3:2

БЖСМОР-2 – АРЛАНДАР 0:3

2006 ж.

11-тур (09.07.17 ж., сенбі)

БЖСМОР-1 – БЖСМОР-2 9:3

ФАВОРИТ – ЭВЕРЕСТ 4:5

ҚУАТ – ЛИДЕР 2:3

2006 жылғы жеткіншектер біріншілігінің хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

2007 жылғы балалар біріншілігінің хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

2008 жылғы балдырғандар біріншілігінің хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу