|   |   |   |  Оқушылар лигасының жеребесі тартылды

Оқушылар лигасының жеребесі тартылды

Оқушылар лигасының жеребесі тартылды
АФФ менеджері Данат Мұхамбетқалиев жеребе тарту рәсімін жүргізуде

Астана қаласында тұңғыш рет футзалдан Оқушылар лигасы өтеді. Қаңтар айының соңында басталып, сәуірге дейін жалғасатын турнирге елордамыздың елуге жуық орта мектебі қатыспақ.

Осыған байланысты бүгін команда өкілдерінің қатысуымен алқақотан жиналыс өтіп, жеребе тарту рәсімі ұйымдастырылды.

– Оқушылар лигасы – бұл Астана футбол федерациясы, Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Білім басқармасымен бірігіп қолға алып жатқан керемет жоба. Бұған дейін оқушылар арасында шағын футболдан жазғы маусымдар ұйымдастырылып тұратын. Қысқы маусым, оның үстіне футзал бірінші рет қолға алынып отыр. Осы орайда үшінші жыл қатарынан бізбен бірге болып, турнирді ұйымдастыруды бастан-аяқ өз мойындарына алып отырған Астана футбол федерациясына алғыс білдіргім келеді, - деді «Шығыс» балалар-жасөспірімдер орталығының директоры Нұрлан Тәженов. Айтпақшы, Астана қаласының Білім басқармасына қарасты бұл орталық қаламызда балалар арасында спорттық дамуына жауап береді.


Оқушылар лигасына барлығы 800-ден астам оқушы қатысады деп күтілуде
Сонымен, 2001-2002 және 2003-2004 жылғы жеткіншектер арасында өтетін бәсекеде оқушылар екі Лигаға бөлінеді. Әр Лигада 12 топтан.

– 2001-2002 жылғы бозбалалар өз ойындарын «Алау» спорт кешенінде өткізсе, 2003-2004 жылғы жеткіншектердің додасы №40 және 56 мектептерінің алаңдарында өтеді. Қаңтардың 31-і күні Оқушылар лигасының ресми ашылу салтанатын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Регламент бойынша 12 топтан бірінші және екінші орын алған командалар келесі кезеңге жолдама алады. Одан кейін електік кезең болады. 24 команда өзара шеберлік байқасып, үшінші кезеңге 12 команда өтеді де, олардың қатарына осы кезеңде ұтылып қалғандардың ішінде көрсеткіші жоғарылау болған төрт команда қосылып, 1/8-финалды құрайды. Айта кетейік, үздік шыққан осы 16 командаға арнайы сыйлықтар бар, - деп Астана футбол федерациясының менеджері, жобаның басты үйлестірушісі Данат Мұхамбетқалиев Оқушылар лигасының ережелерін түсіндіріп өтті.

Жалпы, турнирдің соңында жүлдегер командалардан бөлек, үздік қақпашы, үздік қорғаушы, үздік шабуылшы, үздік сұрмерген және үздік ойыншы естелік кубоктармен марапатталатын болады. Ал қалалық «Целина» газетінің бас директоры Марат Байғабылов Fair-Play жүйесі бойынша әділ болған командаға өз жүлдесін тағайындады.   


Лига 30 қаңтарда басталады
 2003-2004 жылғы жеткіншектер тобы

A

B

C

D

E

F

G

H

I

J

K

L

1

28

76

59

53

30

56

37

61

64

65

7

35

2

43

60

5

20

68

67

54

14

8

24

32

22

3

72

34

66

52

3

25

55

21

51

63

48

23

4









40

77

38

57

2001-2002 жылғы жеткіншектер тобы

A

B

C

D

E

F

G

H

I

J

K

L

1

64

37

76

28

59

67

32

57

4

Ж/ұ

50

65

2

20

68

3

25

8

52

66

34

24

21

43

63

3

55

22

60

51

5

48

72

54

10

15

71

КТЛ

4







7

56

58

30

53

61


       

Тізімге қайта оралу