|   |   |   |  Бұрымдылар додасында жеңімпаз анықталды

Бұрымдылар додасында жеңімпаз анықталды

Бұрымдылар арасындағы Оқушылар лигасында бас жүлдеге таласатын командалар анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, бозбалалармен бірге қыздар турнирі де басталған. Оған төрт команда қатысуда. Бірінші турда №21 мектеп-лицейінің қыздары №63 орта мектеп командасын 2:0 есебімен тізе бүктірген. Бірақ екінші турда №20 орта мектептен жеңіліп қалды. Жалғыз голды екінші таймда Далила Хабибулина соқты. Енді соңғы турда олар №4 орта мектеп қыздарымен кездеседі. Бірақ бұл матч турнир кестесіне еш өзгеріс енгізбейді.

Олай дейтініміз, Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлектерімен толыққан №4 орта мектептің қыздары екі кездесуін де жеңіспен аяқтап, бас жүлдеге қол жеткізіп қойды. Кеше 20 мектептің бұрымдыларын 3:0 есебімен ойсырата жеңгенін жазғанбыз. Екінші турда да №63 орта мектеп командасының қақпасына еш қиындықсыз жауапсыз екі доп соқты. Екі гол да бірінші таймда соғылып, Алина Баршина мен Магинур Ерсінбек көзге түсті.

Соңғы тур шілденің 1-і күні елордамыздың Қажымұқан атындағы стадионында өтеді.

Бұрымдылар арасындағы Оқушылар лигасының 2-туры

№4 ОМ – №63 ОМ 2:0 (1:0)

Голдар: Алина Баршина, Магинур Ерсінбек.

№20 ОМ – №21 МЛ 1:0 (0:0)

Гол: Далила Хабибулина.

Тізімге қайта оралу