|   |   |   |  Бұрымдылар арасындағы Оқушылар лигасы басталды

Бұрымдылар арасындағы Оқушылар лигасы басталды

Астана тарихында тұңғыш рет футболдан қыздар арасындағы Оқушылар лигасы басталды. Бүгін алғашқы тур ойындары өтіп, бұрымдылардың доп тепкендерін қызықтадық.

Футболды түсінетін қыздар жақсы ғой, ал егер ол түсініп қана қоймай, өзі де теңбіл допты ұршықша иіретін болса ше? Мұндай аруды өмір бойы жаныңнан көргің келетіні жасырын емес. Қыздар футболын тамашалаған оқушы ұлдар да көп болды. Бәрі де танысқысы келіп, көздеген қыздары туралы бір-бірінен мағлұмат алып жатыр. Сырттан қарасаң қызық.

Мектептердің құрама командалары арасындағы бұрымдылар лигасының бірінші турында алдымен №20 мектептің арулары мен 4 мектептің қыздары алаңға шыққан. Соңғылары өте тәжірибелі. Кейбірі Астанадағы №8 МБЖСМОР-да білікті бапкер Орынбасар Дәуренбековадан тәлім алады. Сондықтан, қарсыластарын жеңу олар үшін еш қиындық тудырған жоқ. Бірінші таймда бір гол соқса, үзілістен кейін тағы екі тура соққымен жауап берді

Сондай-ақ, №21 және №63 мектептердің қыздары арасындағы ойынды да сүйсіне тамашаладық. Бірінші таймда Әмина Исабаева гол соқса, матчтың екінші жартысында Вероника Мелентиева есепті ұлғайтып, 21-дің қыздары 2:0 нәтижесімен мықтылықтарын көрсетті.

1-тур

№20 мектеп - № 4 мектеп 0:3

Голдар: Айнұр Жұмабаева, Диана Жақсылықова, Зарина Далинова.

№21 мектеп - №63 мектеп 2:0

Голдар: Әмина Исабаева, Вероника Мелентиева


Тізімге қайта оралу