|   |   |   |  Астана оқушылары түрік таланттарын таң қалдырды

Астана оқушылары түрік таланттарын таң қалдырды

Астана оқушылары түрік таланттарын таң қалдырды

Асттанадағы Мектеп лиганың жеңімпаздары Анталияда түрік құрдастарын ойсырата ұтып, көрермендер сүйіспеншілігіне бөленді.

Астана оқушыларының Түркиядағы оқу-жаттығу жұмыстары аса қызықты өтіп жатыр. Әуелі олар «Анталияспор» клубының базасына барып, аталған клубтың жаттығу жұмыстарын бастан-аяқ көруге мүмкіндік берілді. Содан соң команданың негізгі құрамымен және жарық жұлдызы Самуэль ЭтоОмен танысып, шүйіркелесудің сәті түсті.

Бұдан кейін «Анталияспор»футбол клубының дайындық тобындағы өз құрдастарымен жолдастық кездесу өткізді. Матч жергілікті уақытпен 17:00-де басталды.

Бұл ойында біздің балалар өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, 8:2 есебімен басым түсті. Бірінші голды 3-ші минутта-ақ команда капитаны Аңдамас Молдабеков соқты. Бес минуттан кейін қорғаушы Оксен Катвалян екінші голды енгізді. Бірнеше минуттан кейін біздің капитан екі мәрте мергендік танытып, осы матчта хет-трик жасады. Бұдан кейін Сайлау Жантуов екі гол соқты. Екеуінде де оған команда капитаны тамаша пас берді. Бірінші таймның аяғында Ерасыл Тілешев жетінші голдың авторы атанды.

Екінші таймды алаң иелері өте белсенді бастады. Үзіліс кезінде бапкерлері «сілкілеп» алған ба, әйтеуір екі гол соғып тынды. Бірақ біздің балалар да намысты қолдан бермейтіндіктерін сездіріп, ойынның аяғына қарай тағы бір гол соқты. Соңғы гол – Нұрмүбарак Жақсылықтың еншісінде.

Осылай, ойын 8:2 есебімен аяқталды. Матчтан соң екі команданың балалары бірге суретке түсті.

Астана оқушылары өздеріне осындай ойын өткізуге мүмкіндік берген Астана футбол федерациясы мен қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыстарын жаудырып, шеберліктерін шыңдай түсті.

Тізімге қайта оралу