|   |   |   |  2015 жылғы Мектеп лигасының чемпиондары Түркияға барады

2015 жылғы Мектеп лигасының чемпиондары Түркияға барады

2015 жылғы Мектеп лигасының чемпиондары Түркияға барады

Астана балалары түрік топырағында қызықты жаттығу жұмыстарын өткізіп, әйгілі футбол жұлдызы Самуэль Это’Омен кездеседі.

2015 жылғы Мектеп лигасының жеңімпазы, яғни №37 мектеп оқушылары Түркияның Анталия қаласына жол шекті. Олар түрік жерінде тынығып, оқу-жаттығу жұмыстарын өткізеді.

Оқушылардың бұл сапары Астана футбол федерациясы мен қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының игі бастамасымен жүзеге асып отыр.

Жаттығу жұмыстары жергілікті «Кепезспор» клубының базасында өтеді. Бұл клуб түріктің Супер Аматор лигасында ойнайды.

Сонымен қатар, Астана балалары Түркия Суперлигасында бақ сынайтын «Анталияспор» клубының жаттығу жұмыстарын көріп, басшыларымен танысады. Әрі осы клубтың ең жарқын жұлдызы Самуэль Это’Омен жүздеседі.

Футболшы оқушылардың негізгі мақсаттары – күнде жаттығу жұмыстарын жүргізу, жергілікті футбол мектептеріндегі құрдастарымен жолдастық кездесулер өткізу.

Шаһарды аралап, Antalya Aquarium сынды қаланың ең көркем жерлеріне тәнті болып, сәулетті «Анталия Арена» стадионында өтетін Түркия Суперлигасындағы "Анталияспор" және "Кайсериспор" клубтары арасындағы ойынды тамашалау да осы сапар бағдарламасына енгізілген.

Тізімге қайта оралу