|   |   |   |  "Балдырған кубогына" шақырамыз!

"Балдырған кубогына" шақырамыз!

"Балдырған кубогына" шақырамыз!
Балдырған кубогы

18 маусым күні елорданың «Жас батыр» стадионында Астананың футбол мектептері мен үйірмелері арасында «Балдырған кубогы» турнирі өтеді.

Астана футбол федерациясының Балалар футбол орталығы ұйымдастырған бұл турнирге 2006-2008 жылғы балдырғандар қатысады. Әзірге алты команда тіркелген. Дегенмен, тіркеу кезеңі маусымның 15-іне дейін жалғасады. Осы аралықта елордамыздың футбол үйірмелері АФФ менеджеріне қатысатындықтары туралы өтініштерін жеткізуі тиіс.

Сонымен, бас жүлде мен естелік сыйлықтарды сарапқа салатын командалар «Балдырған кубогында» үздік ойыншы, үздік шабуылшы, үздік қақпашы мен қорғаушы сынды номинациялардың да иегерлерін анықтайды.

БФО Астана футбол федерациясы

Астана ФК футбол орталығы

№8 МБЖСМОР (2006 ж.т.)

№8 МБЖСМОР (2007 ж.т.)

Эверест

Фабрика

Турнирге қатысуға ниет білдірген футбол мектептері мен үйірмелері 15 маусымға дейін өтініштерін өткізе алады.

Байланыс телефоны: +7 (7172) 52 42 36, +7 702 578 87 07 (Ерік Чинчанлинов)

Тізімге қайта оралу