|   |   |   |  Оқушылар лигасының ширек финалына жолдама алған командалар анықталды

Оқушылар лигасының ширек финалына жолдама алған командалар анықталды

Астана қаласы Оқушылар лигасының топтық кезеңі аяқталып, ширек финалға жолдама алған сегіз команда анықталды.

2005-2006 жылғы балдырғандар арасындағы Оқушылар лигасының басталғанына бір айға жуық уақыт болды. Осы аралықта жеті тур өтіп, болашақ жұлдыздар «Шығыс» спорт орталығының алаңында асыр сала доп тепті.

Бүгін топтық кезеңнің соңғы туры өтті. Нәтижесінде «А» тобында бір ғана ойында тең түсіп, қалған кездесулердің барлығында жеңіске жеткен №60 және №37 орта мектеп өрендері топ бастаса, №61 және №72 мектеп оқушылары 3-4 орындармен ширек финал жолдамаларын қанжығаларына байлады.

«В» тобында №38 орта мектептің оқушылары жеке-дара көш бастады. Тек №48 мектеп лицейдегі құрдастарынан ғана жеңілген олардың еншісінде барлығы 16 ұпай. №48 лицейдің таланттары үздік үштікті қорытындыласа, 2-орынға №28 орта мектептің командасы жайғасса, соңғы жолдаманың жалына №32 мектеп гимназия шәкірттері жармасты.

Оқушылар лигасы Астана

Сонымен, ертең ширек финал және жартылай финал матчтары өтеді. Ал бас жүлде Астана күніне орай, 6 шілдеде Қажымұқан стадионында сарапқа салынады.

Астана қаласының Оқушылар лигасы – 2005/06

Ширек финал және жартылай финал кестесі

11.00. №60 МЛ – №32 МГ

11.40. №38 МЛ – №72 МЛ

12.20. №37 ОМ – №48 ОМ

13.00. №28 ОМ – №61 ОМ

13.30. Бірінші жартылай финал

14.00. Екінші жартылай финал

Тізімге қайта оралу