|   |   |   |  Астанада жеткіншектер додаға түседі

Астанада жеткіншектер додаға түседі

Астанада жеткіншектер додаға түседі
2003-2004 жылғы жеткіншектер турнирі

Маусымның 6-сы күні Астанада 2003-2004 жылғы жеткіншектер арасында қалалық біріншілік басталады. Екі аптаға созылатын турнирдің чемпионын шетелге демалып, шеберліктерін шыңдап қайту жағы қарастырылуда.

Бүгін «Шығыс» спорт орталығында біріншіліктің жеребе тарту рәсімі өтті. Турнирге 16 команда тіркеліпті. Елордамыздағы орта мектептердің 6-8 сынып оқушылары.

Сонымен, жеребе қорытындысы бойынша, командалар екіге бөлініп, алдымен топтық кезеңнің үздіктерін анықтамақ. Одан кейін әр топтан плей-офф кезеңіне төрт ұжымнан шығатын болады.

Бұдан бөлек, араға төрт жыл салып, қыздар футболынан да біріншілік ұйымдастырылмақ. Бүгінде турнирге 12-13 жастағы сегіз қыздар командасы тіркеліпті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Астанада 2005-2006 жылғы жеткіншектер арасындағы қала біріншілігі өтуде. Финалдық ойындары 6 маусым күні Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтетін бұл біріншіліктің чемпионын Түркияға оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр.

Данат Мұхаметғалиев, Астана футбол федерациясының менеджері:

– Қазір Астана футбол федерациясы мен Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы келіссөздер жүргізіп, 2003-2004 жылғы жеткіншектер біріншілігінің чемпионын шетелге саяхаттап қайту мәселесін қарастыруда. Бұдан бөлек, биыл үздіктерді естелік сыйлықтар мен формалар күтеді. Маусым айының басында басталатын біріншілік 8х1 жүйесі бойынша өтеді.



Тізімге қайта оралу