|   |   |   |  Астана футбол федерациясының Балалар футбол орталығы мен "Астана" ФК футбол орталығы Серіктестік меморандумына қол қойды

Астана футбол федерациясының Балалар футбол орталығы мен "Астана" ФК футбол орталығы Серіктестік меморандумына қол қойды

Астана футбол федерациясының Балалар футбол орталығы мен "Астана" ФК футбол орталығы Серіктестік меморандумына қол қойды
Александр Черников пен Константин Котов

Астана футбол федерациясының Балалар футбол орталығы «Астана» ФК Футбол орталығымен серіктестік меморандумға қол қойды. Енді екі орталық бір-бірімен ойыншылар алмаса алады.

Естеріңізге сала кетейік, Астана футбол федерациясының Балалар футбол орталығы өткен жылдың 1 мамырында ашылған. Мұнда 6 мен 14 жас аралығындағы балалар жаттығады. Аптасына алты күн өтетін жаттығуларды жас та болса, білікті мамандар Александр Черников пен Бейбіт Мамырайымов жаттықтырады.

Бүгін АФФ кеңсесінде өткен келіссөздерден кейін БФО жетекшісі Александр Черников пен «Астана» ФК футбол орталығының жетекшісі Константин Котов Серіктестік меморандумына қол қойды. Енді осы Меморандум аясында БФО-ның дарынды ойыншылары «Астана» футбол орталығында жаттығуға мүмкіндік алып, үлкен футболға зор қадам жасай алады. Сондай-ақ, «Астана» футбол орталығының жаттықтырушылары әрдайым Балалар футбол орталығының жаттығуларын бақылап, таңдаулыларын өздеріне шақыра алады.


Александр Черников, Астана футбол федерациясы Балалар футбол орталығының жетекшісі:

– Бұл Меморандум БФО-ның дамуына үлкен серпін бермек. Өйткені, бізде жаттыққан талантты балалар болашақта «Астана» футбол клубынан орын алуға керемет мүмкіндік алады. Енді әр алты ай сайын «Астана» футбол орталығының жаттықтырушылары біздің балаларымыздың арасында іріктеу жүргізіп, ішінен үздіктерін таңдап алады. Сондай-ақ, өздеріне қандай да бір жағдай бойынша ілікпей қалған балаларын бізге жіберуге құқылы. Араға уақыт салып, ол бала қайта жарқырап шықса, онда «Астанаға» қайта ауыса алады. Яғни, футболды жан-тәнімен сүйген жеткіншек далада қалмайды. Жалпы, біз ел футболын дамытуға байланысты кез-келген серіктестікке дайынбыз. Алдағы уақытта балалар арасында қалалық турнирлер ұйымдастырып, оған өзіміз де бір команда шығарамыз. Сондай-ақ, алдағы уақытта шетелде оқу-жаттығу жиынын өткізу де жоспарланған.


Константин Котов, «Астана» футбол орталығының жетекшісі:

– Біз бұған дейін ешқандай да футбол үйірмелерімен немесе мектептерімен серіктестік орнатқан емес едік. Бұл бірінші бастама. Енді осы Меморандум аясында талай жұмыстарды бірге атқарамыз деп ойлаймын. Футболды сүйген бала далада қалмауы тиіс. «Астана» футбол орталығында жаттыққысы келетін бала көп. Бәрін бірдей қабылдай алмаймыз. Сыймайды. Шыны керек, кейбірін жылы шығарып салуға тура келген кездеріміз де болды. Енді ешкімнің де бетінен қақпай, кеудесінен итермей, бәрін құшағымызды ашып қабылдай беретін боламыз. Бізге сыймағаны Астана футбол федерациясының Балалар футбол орталығында жаттығады. Ал шеберлігі толысып жатса, уақыт өте келе бізге ауысады. Бірінші іріктеу жұмыстарын жазда өткіземіз. Сол жерде біз АФФ-тың БФО-сында жаттығып жатқан ойыншыларды да тексеріп көреміз. 

 
Тізімге қайта оралу