Главная страница
 |   |   |   |   |  Студенттер лигасы. Назарбаев университетке кедергі болар біреу бар ма?

Студенттер лигасы. Назарбаев университетке кедергі болар біреу бар ма?

Студенттер лигасы. Назарбаев университетке кедергі болар біреу бар ма?
Студенттер лигасы. Назарбаев университетке кедергі болар біреу бар ма?

Астана Студенттер лигасында екінші тур ойындары өтіп, жеке-дара көш бастаған команда анықталды. Енді үш дүркін чемпион атану үшін Назарбаев университет студенттеріне соңғы турда тең ойнаса да жеткілікті.

Айта кетейік, бірінші турдан кейін үш ұпаймен Назарбаев университет пен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті көш бастаған. Екінші турда Елбасымыздың есімін иеленген оқу ордасы 5:4 есебімен Қазақ экономика, құқық және халықаралық сауда университетінен басым түсті. Жалпы, ҚазЭҚж/сХСУ командасына, шынын айтсақ, обал. Біріншілікті бірінші орында аяқтаған олар биыл бас жүлдеден басты үміткер команда болатын. Ал қазір соңғы орында. Алтын түгілі қолаға да қол жеткізе алмауы ғажап емес. Ал Назарбаев университет студенттері – рухы биік команда екендіктерін кезекті рет дәлелдеуде. Енді үш дүркін чемпион атану үшін оларға соңғы турда тең ойнаса да жеткілікті.

Екінші турдың екінші кездесуінде алаңға Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Сәкен Сефуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университетінің студенттері шыққан. Алғашқыларының еншісінде үш ұпай, екіншілері бірінші турда ұтылып қалған. Ал матч алдында көпшілігі фаворитке «еуразиялықтарды» балады. Расымен де, соңғы кездері бұл команданың ойыны түлеп сала берген. Тіпті, «чемпион атануға да шамасы жетеді» деді кейбіреулер. Алайда, «Аграрка» жігіттерінің де бір атары бар екен. Тізгінді бірден қолдарына алған. Қарсыластарының естерін жиғызбай, бірінші таймда-ақ төрт голды топырлатып тастады. «Еуразиялықтар» тек бір ғана тура соққымен жауап берді. Үзілістен кейін де сол сценарий қайталанды. Қорытынды есеп – 7:3, бұл дегеніміз барлық команданың жүлдеден үміттері бар деген сөз.

Студенттер лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Возврат к списку