Главная страница
 |   |   |   |   |  Студенттер лигасы. Үш ойында 23 гол соғылды

Студенттер лигасы. Үш ойында 23 гол соғылды

Студенттер лигасы. Үш ойында 23 гол соғылды
Студенттер лигасы. Үш ойында 23 гол соғылды

Футзалдан Астана қаласы Студенттер лигасының екінші жартысы басталды. Жексенбіде Назарбаев университетінің спорт кешенінде 4-ші турдың ойындары өтті.

Бірінші ойында Қазақ экономика, құқық және халықаралық сауда университеті мен Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы кездескен. Бірінші таймда таблода 5:1 есебі тіркелді. Ал екінші таймда ҚазЭҚж/еХСУ студенттерін тоқтату мүмкін болмады. Қорытынды есеп – 13:1.

Маусымды сәтсіз бастап, алғашқы үш турда ұпай жоғалтумен болған Студенттер лигасының дебютанты Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университеті жеңістің дәмін сезіп алған секілді. Біріншіліктің басты фавориттерінің бірі «Тұран-Астана» студенттерімен кездескен «Аграрка» жігіттері тартысты өткен ойында 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл олардың турнир кестесінде 4-ші орынға көтерілулеріне мүмкіндік берді.

Қаржы академиясы мен Назарбаев университет-2 арасындағы матч та қызықты болған. Бірақ «қаржыгерлердің» қосалқы құрамда ойыншылары болмай, екінші таймда шаршап қалды. Ал білікті бапкер Владимир Глевич пен қосалқы құрамдағы жігіттерінің арқасында кездесуді сауатты өткізген «НУ-2» 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақ гуманитарлы-заң университеті Студенттер лигасынан шығып қалғандықтан Назарбаев университеттің негізгі командасымен болуы тиіс ойында заңгерлерге 0:5 есебімен техникалық жеңіліс жазылды. Алдағы уақытта да бұл командаға техникалық ұтылыстар тіркеле береді.

Студенттер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Возврат к списку