Главная страница
 |   |   |   |   |  Астанада Студенттер лигасы қайта жалғасады

Астанада Студенттер лигасы қайта жалғасады

Астанада Студенттер лигасы қайта жалғасады
Астанада Студенттер лигасы қайта жалғасады

Білімгерлердің демалысына байланысты 26 қарашадан бері екі ай үзіліс алған футзалдан елордамыздың Студенттер лигасы қайта жалғасын табады. Бірақ, өкінішке қарай, Қазақ гуманитарлы-заң университеті біріншіліктен шығып қалды.

ҚазГЗУ – осы маусымның басты фавориттерінің бірі болатын. Алайда, білімгерлердің оқу кестесіне сәйкес, Студенттер лигасынан бас тартуға мәжбүр болды. Осылайша, біріншілікте барлығы сегіз команда қалды.

Дәл қазір үш турдан кейін турнир кестесінде 7 ұпаймен «Тұран-Астана» және ҚазЭҚж/еХСУ студенттері көш бастап келеді. Дегенмен, алда әлі талай ойын бар. Бізді небір қызықты да, тартысты текетірестердің күтіп тұрғаны анық.

Осы жексенбі Студенттер лигасының 4-ші туры аясында 3 ойын өтеді.

Студенттер лигасының 4-ші туры:

04.02.2018 (жексенбі)

13:00. ҚазЭҚж/еХСУ – МГУ 

14:00. ҚазАТУ – Тұран-Астана

15:00. Қаржы академиясы – Назарбаев университет-2

Студенттер лигасының турнир кестесі

Возврат к списку