Главная страница
 |   |   |   |   |  YELEU CUP. Бас жүлде "Ярышқа" бұйырды

YELEU CUP. Бас жүлде "Ярышқа" бұйырды

YELEU CUP. Бас жүлде "Ярышқа" бұйырды
YELEU CUP. Бас жүлде "Ярышқа" бұйырды

Астанада футзалдан үш күнге созылған YELEU CUP турнирі аяқталып, бас жүлдені Семейдің «Ярыш» командасы жеңіп алды.

Еліміздегі ең маңызды әуесқой турнир саналатын YELEU CUP додасы баяғыда-ақ әуесқой деңгейінен кәсіпқойға өсіп кеткен. Жыл сайын бұл турнирге кәсіпқой ойыншылар да келіп, әр команда сапында өнер көрсетіп кетіп жатады. Олардың арасында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары да, Бразилиядан келген легионерлер де бар.  Мәселен, Дінмұхамед Сүлейменов пен Серік Жаманқұлов Ақтаудың «Ынта» командасында, Қайрат Иманалин Ақтөбенің «Желкенінде», Александр Довгань, Николай Пенгрин, Александр Гребонос «Бейбарыста», Дәурен Тұрсағұлов пен Біржан Оразов «Сайранда» ойнаса, турнир чемпионы атанған Семейдің «Ярышында» Павел Таку, Григорий Шамро, Михаил Першин сынды саңлақтармен қатар бразилиялық қос легионер Эвертон мен Джонатан доп тепті.

Жалпы, турнирге 15 команда қатысты. Атап өткеніміздей, олардың арасында әуесқой футболшылардан бастап, ұлттық құраманың қатарында ел намысын қорғап жүрген кәсіпқойларға дейін бар. Бас-аяғы 300-ге тарта спортшы 3 күн бойы өзара мықтыны анықтады.

Турнирдің алғашқы күндері топтық кезең кездесулері өтіп, үздік атанғандар соңғы күні бас жүлдені сарапқа салды. Сонымен 2018 жылғы кубокты семейлік «Ярыш» клубы жеңіп алды. Олар финалда Астананың «Бейбарыс» командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Ал үздік үштікке Алматыда келген «Recom» командасы іліксе, ұлттық құрамамыздың капитаны ойнаған «Ынта» жүлделі орындардан тыс қалып, 4-орынмен шектелді.

Мұрат ЕЛЕУПОВ, турнир ұйымдастырушы:

- Турнирді өткізудегі басты мақсатымыз – осы спорт түрін кеңінен насихаттап, жастардың оған деген қызығушылығын арттыру болатын. Нәтижесі жаман емес деп ойлаймын. Өйткені соңғы 17 жылдың ішінде жарысқа қатысып жүрген жасөспірімдер мен жастар қазір ұлттық құрама сапына алынып, еліміздің намысын қорғап жүр. Тағы бір кәсіпқой спортшылар толқыны өсіп келеді. Сондықтан мұндай додалардың жерлестеріміз үшін берері өте көп.

Турнирдің хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Возврат к списку