Главная страница
 |   |   |   |   |  YELEU CUP. Үш күн, он бес команда, бір жеңімпаз

YELEU CUP. Үш күн, он бес команда, бір жеңімпаз

YELEU CUP. Үш күн, он бес команда, бір жеңімпаз
YELEU CUP. Үш күн, он бес команда, бір жеңімпаз

Ертең елордамызда футзалдан халықаралық Қанат Елеупов мемориалы басталады. Үш күнге созылатын турнирге биыл 15 команда қатыспақ.

Биыл 17-ші рет өтетін халықаралық турнир әдеттегідей «Астана» спорт кешенінде өтеді. Басты ұйымдастырушысы Мұрат Елеуповтың айтуынша, командалар құрамында кәсіпқой ойыншылар да бар екен. Тіпті, ұлттық құрамамыздың капитаны Дінмұхамед Сүлейменов пен басты шабуылшыларының бірі Шыңғыс Есенамановты да «Астана» спорт кешенінің паркетінен көріп қалуымыз әбден мүмкін.

– Биыл да әдеттегідей тартысты турнирдің куәсі боламыз деп ойлаймын. Өйткені, әуесқой командалардан бөлек, кәсіпқой командалар да бәйгеге түспек. Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан елдерінен де командалар келулері тиіс еді. Өкінішке қарай, әртүрлі себептерге байланысты соңғы сәтте олардың Астанаға келе алмайтындықтары белгілі болды. Дегенмен, турнирдің жеңімпазы келесі УЕФС Чемпиондар лигасының келесі жылғы турниріне жолдама алады, - деді Мұрат Елеупов.

Турнир регламенті бойынша, 15 команда үш топқа бөлінбек. Әр топтан ширек финалға үздік екі команда және үшінші орын алғандардың ішінде көрсеткіші жоғары тағы екі ұжым жолдама алады. Жүлде қоры да қомақты. Былтыр бұл турнирдің финалында Ақтөбенің «Інжу» командасы мен Астананың «Бірлігі» кездесіп, 4:2 есебімен жеңіске жеткен ақтөбеліктер чемпион атанған болатын. Ал 2016 жылы бас жүлде Астананың «Аманатына» бұйырған. Алайда, бұл екі команда да биыл қатысушылар тізімінде жоқ.


YELEU CUP – 2017 командалары:

«Бірлік» (Астана),

«Желкен» (Ақтөбе),

«Таукент» (Шымкент),

«Ынта» (Ақтау),

«НИТ» АҚ (Астана),

«Ярыш» (Семей),

«Оқжетпес» (Көкшетау),

«Қазаэронавигация» (Астана),

«Динамо» (Петропавл),

«Әлішер» (Астана),

«Сайран» (Астана),

«Бейбарыс» (Астана),

«Аят» (Рудный),

«РЕКОМ» (Алматы),

«Арлан» (Жаңаөзен).


YELEU CUP турнирі Астана футбол федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Возврат к списку