Главная страница
 |   |   |   |   |  Студенттер лигасы. Назарбаев университетінің екі командасы да ұтылып қалды

Студенттер лигасы. Назарбаев университетінің екі командасы да ұтылып қалды

Студенттер лигасы. Назарбаев университетінің екі командасы да ұтылып қалды
Студенттер лигасы. Назарбаев университетінің екі командасы да ұтылып қалды

Студенттер лигасының 3-ші туры Назарбаев университеті үшін сәтсіз болды. Аталмыш оқу ордасының екі командасы да өз ойындарын жеңіліп қалды.

Алматыда өткен Ұлттық Студенттер лигасының финалдық кезеңіне қатысып қайтқан Қаржы академиясы мен «Тұран-Астана» университетінің ойыншылары елордаға қайта оралды. Осы демалыс осы екі университеттің командалары арасындағы кездесумен басталды. Жеңіс «тұрандықтар» жағында болып, матч 7:2 есебімен аяқталды.

Келесі күні «Тұран-Астана» Қазақ гуманитарлы-заң университетімен де кездесіп, қақпасынан тағы екі доп алып шыққанымен қарсылас қақпасына алты гол соғып, екінші ойындарында да жеңіске жетті.

Ал Назарбаев университеттің қос командасы да кеше сәтсіздікке ұшырады. НУ-1 командасы Қазақ экономика, құқық және халықаралық сауда университетінен 1:6 есебімен ойсырай жеңілді. НУ-2 болса, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университетінен 3:6 нәтижесімен жеңілді. Бұл «Аграрка» жігіттерінің осы маусымдағы ғана емес, қалалық Студенттер лигасының тарихындағы алғашқы жеңісі.

Турдың ең ірі есебі Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Ломоносов атындағы Мәскеу гуманитарлық университетінің филиалы арасындағы ойында тіркелді. «Еуразиялықтардың» 10 голына «мәскеуліктер» бір ғана тура соққымен жауап берді.

Астана Студенттер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Возврат к списку