Главная страница
 |   |   |   |   |  Студенттер лигасы. Назарбаев университеті көш бастады

Студенттер лигасы. Назарбаев университеті көш бастады

Студенттер лигасы. Назарбаев университеті көш бастады
Студенттер лигасы. Назарбаев университеті көш бастады

Кеше футзалдан Студенттер лигасының екінші туры өтті. Басты сенсацияны Назарбаев университеттің екінші командасы жасап, маусымның басты фавориттерінің бірі ҚазМЗУ университетін 8:1 есебімен ойсырата жеңді.

Алматыда өткен Ұлттық студенттер лигасының финалдық кезеңіне қатысқандықтан біріншілікті әлі «Тұран-Астана» мен Қаржы академиясы бастаған жоқ. Ал көш басында Назарбаев университетінің университеті. Бірінші турда Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ техникалық университетінің «Аграркасын» 4:2 есебімен ұтқан қалалық Студенттер лигасының екі дүркін чемпионы бұл жолы басты бәсекелестерінің бірі Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 4:1 есебімен тізерлетті.

«Аграрка» жігіттеріне обал. Студенттер лигасының дебютанты кеше де жеңілістің кермек дәмін татты. Бұл жолы олар бірінші турда «еуразиялықтардан» ұтылған Қазақ Экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің студенттерін жеңді.

Ал екінші турдың басты сенсациясы Назарбаев университетінің екінші командасы мен Қазақ мемлекеттік заң университетінің арасындағы кездесуде орын алды. «Заңгерлер» негізі осы маусымның басты фавориттерінің бірі. Бірақ, бірінші минутта-ақ қақпаларына екі гол жіберіп алды да, еңселері түсіп қалды. Ал НУ-2 жігіттерін керісінше, тоқтату мүмкін болмады. Қорытынды есеп – 8:1.

Студенттер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Возврат к списку