Главная страница
 |   |   |   |  Астанада футзалдан Студенттер лигасы басталды

Астанада футзалдан Студенттер лигасы басталды

Астанада футзалдан Студенттер лигасы басталды
Астанада футзалдан Студенттер лигасы басталды

Астанада футзалдан қалалық Студенттер лигасының үшінші маусымы басталды. Кеше Назарбаев университеттің спорт кешенінде бірінші турдың үш ойыны өтті.

Астана футбол федерациясының ұйымдастыруымен Студенттер лигасы биыл үшінші маусымын бастады. Бұған дейін іріктеу кезеңінің ойындары Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде өтіп, Назарбаев университет тек финалдық кезеңді ғана қабылдайтын. Биылдан бастап Назарбаев университет Студенттер лигасының ресми серіктесі болып отыр. Сондықтан, біріншіліктің атауы да өзгерген. Яғни, Назарбаев университет-АФФ Студенттер лигасы деп аталады. Додаға барлығы 9 команда түсіп отыр.

Кеше бірінші турдың үш ойыны өтті. Алдымен алаңға Еуразия ұлттық университеті мен Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда универистетін 5:2 есебімен ойсырата жеңді.

Өткен маусымның чемпионы Назарбаев университеттің бірінші командасы 4:2 есебімен біріншіліктің дебютанты Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ техникалық университеттен басым түсті.

Ал Қазақ құқық және заң университетінің студенттері біріншіліктің тағы бір дебютанты Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандағы филиалының қақпасына жауапсыз алты гол соқты.

Студенттер лигасының турнир кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тізімге қайта оралу