Главная страница
 |   |   |   |  Астанада футзалдан Студенттер лигасы басталады

Астанада футзалдан Студенттер лигасы басталады

Астанада футзалдан Студенттер лигасы басталады
Астанада футзалдан Студенттер лигасы басталады

Осы жексенбіде Астанада футзалдан студенттер лигасы басталады. Биыл біріншілікке тоғыз команда қатысады және екі айналымнан тұрады.

Бұл Астана футбол федерациясының ұйымдастырылуымен өтетін Студенттер лигасының үшінші маусымы. 12 қарашада басталып, келесі жылдың сәуіріне дейін жалғасатын біріншіліктің барлық ойындары Назарбаев университетінде өтеді. Студенттер лигасына қатысуға биыл 9 команда өтініш білдіріпті. Оның екеуі Назарбаев университеттің намысын қорғайды. Біріншілік екі айналым жүйесі бойынша өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Студенттер лигасына 7 команда қатысып, Назарбаев бас жүлдені Назарбаев университет жеңіп алған болатын. Биыл тағы екі команда қосылып отыр. Оның бірі Сәкен Сейфуллин атындағы Астана техникалық университеті (Аграрка) болса, екіншісі Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы.

Студенттер лигасы – 2017/18

1. Назарбаев Университет

2. Назарбаев Университет-2

3. «Тұран-Астана» университеті

4. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

5. Қаржы академиясы

6. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

7. Қазақ гуманитарлы-құқық университеті

8. Сәкен Сейфуллин атындағы Астана техникалық университеті

9. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы.

Тізімге қайта оралу