|   |   |   |  Студент қыздар доп теппек

Студент қыздар доп теппек

Студент қыздар доп теппек
Студент қыздар доп теппек

Ертең, яғни наурыздың 16-ы күні «Алау» спорт кешенінде елорданың студент қыздары арасында футзалдан қалалық турнир өтеді.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылып отырған бұл турнирдің ұйытқысы – Астана футбол федерациясы. Таңертең сағат 11:30-дан бастап турнирдің көркін қыздыратын бұрымдылар додасына Назарбаев университеті, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚазАТУ, ҚазЭУ және №8 МБЖСМОР-дан екі команда қатыспақ.

Ерік Чинчанлинов, Астана футбол федерациясының менеджері:

– Осыдан бір апта бұрын Студенттер лигасын бастап кеткенбіз. Оған елордамыздың алты Жоғарғы оқу орны, барлығы сегіз команда қатысып отыр. Дегенмен, қыздар арасында да турнир ұйымдастыруды жөн көріп отырмыз. Болашақта қаламызда қыздар арасында толыққанды біріншілік ұйымдастыру жоспарда бар.

Тізімге қайта оралу