|   |   |   |  Евразия ұлттық университеті Студенттер лигасын сәтсіз бастады

Евразия ұлттық университеті Студенттер лигасын сәтсіз бастады

Евразия ұлттық университеті Студенттер лигасын сәтсіз бастады
Студенттер лигасы

Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде ресми түрде Студенттер лигасының шымылдығы түрілді. Жоспарланған төрт ойынның үшеуі ойналып, бірінші турдың көркін қыздырды.

Турнир алаң иелері үшін өте сәтсіз басталды. Еуразия ұлттық университетінің үкілеп қосқан екі командасы жабылып жүріп, тек бір ғана ұпайға қол жеткізе алды. «Астана» медициналық университетінің студенттерімен кездескен ЕҰУ-дың екінші командасы ұтып тұрған жерінен 3:3 есебімен тең түсіп қалды.

Ал бірінші командасы ойсырай жеңілді. Қарсыласы Қаржы академиясының студенттері болатын. Еш мүмкіндік бермеген «қаржыгерлер» алаң қожайындарының қақпасына жауапсыз тқрт гол соқты.

Төрт гол айырмашылығымен ҚазЭУ командасы да «Тұран-Астана» университетін ұтты. Таблода 7:3 есебі тіркелген болатын.

Бірінші турдың аясындағы төртінші кездесу ертең Назарбаев университетінің спорт кешенінде өтеді. Алаңға аталмыщ Жоғары оқу орнының екі командасы шықпақ.

Бірінші турдың нәтижелері:

10.03.2016 ж.

«Астана» медициналық университеті – Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-2 3:3

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті – «Тұран-Астана» университеті 7:3

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-1 – Қаржы академиясы 0:4

11.03.2016 ж.

Назарбаев университеті-1 – Назарбаев университеті-2

Тізімге қайта оралу