|   |   |   |  Сәбит Тұрсынбаев: "Кеден" командасынан кеткім келмейді

Сәбит Тұрсынбаев: "Кеден" командасынан кеткім келмейді

Сәбит Тұрсынбаев: "Кеден" командасынан кеткім келмейді
Сәбит Тұрсынбаев марапаттау рәсімінде

Жақында Астана қаласында аяқталған футзалдан елорда біріншілігінің қысқы маусымында турнирдің үздік шабуылшысы номинациясын «Кеден» командасының ойыншысы Сәбит Тұрсынбаев жеңіп алды. Біріншіліктен соң сұрмергенмен аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.

- Сәбит, алдымен Сізді «Үздік шабуылшы» атануыңызбен құттықтаймыз! Көңіл-күйіңіз қалай? Қысқы маусым да мәресіне жетті. Жалпы турнир несімен есте қалды?

-Көп рахмет! Көңіл-күй тамаша. Қысқы маусым жағымды естеліктерге толы болды. Көптеген командалармен тартысты ойындар өткіздік. Жалпы турнир басталамас бұрын бірінші орын аламыз деп алға мақсат қойғанбыз. Алайда, екінші орынға келіп тірелдік. Командадағы жігіттерге алғыс, бірге жаттығып, жұмыла ойын көрсету нәтижесінде міне, осылай олжалы болдық..

- Турнир барысындағы қызықты, не қиындау болған матчтар жайлы айтып өтсеңіз..

- Меніңше, турнирге қатысқан командандалардың ешқайсысы да осал емес. Қай жеңіс болса да оңайлықпен келген жоқ . Сонда да «Алан» мен «Есіл» жігіттерімен болған матчтар қызығырақ болды деп айта аламын.

- Маусым бойы жақсы ойын көрсете білдіңіз. Кәсіби футболмен айналысқансыз ба?

- Жалпы он жылдан бері футбол ойнаймын. Бірақ кәсіби футболға барған емеспін. Бүгінде жеке кәсібім бар. Бос уақытымда осындай турнирлерге қатысып тұрамын.

- Жақында ғана аяқталған үлкен футболдан Елорда біріншілігінде сіз ойнайтын «Астана-1964» командасы жеңіске жетті. Ал бүгінгі тартыста өзіңіз намысын қорғаған «Кеден» командасы екінші орыннан көрінді. Екі команданың айырмашылығы неде? Сізге қай жақта ойын көрсеткен ұнайды?

- Айырмашылығы мынадай деп айта алмаймын. Екі команданың да өзіне жараса артықшылығы бар. Кішкентайымда үлкен футболмен әуес болатынмын. Футзалды Астанаға келгенде ойнай бастадым. Шыны керек, өзіме кең, ашық алаңда ойнаған көбірек ұнайды.

- Ендеше футболға қатысты жоспарларыңызбен бөліссеңіз..

- «Кеден» командасының құрамында ойнап жүргенімен біршама уақыт болып қалды. Алдағы уақытта да футзал турнирлеріне қатысар болсам, осы командада доп тебуді жалғастырамын. Бұл ұжым маған ұнап қалды. Кеткім келмейді.

-Тек сәттілік тілейміз!


Тізімге қайта оралу