|   |   |   |  Жасұлан Мұстафин: Менен де бөлек жақсы қақпашылар көп болды

Жасұлан Мұстафин: Менен де бөлек жақсы қақпашылар көп болды

Жасұлан Мұстафин: Менен де бөлек жақсы қақпашылар көп болды
Жасұлан Мұстафин

Таяуда ғана аяқталған футзалдан «Самұрық-Қазына» лигасында «үздік қақпашы» номинациясын «КеденТрансСервис-ҚТЖ» командасының ойыншысы Жасұлан Мұстафин жеңіп алды. Турнирден кейін порталымызға сұхбат берген Жасұлан біріншіліктегі естен кеткісіз ойындар жайлы айтып берді.

– Футбол – командалық спорт түрі. Егер командаластарым болмаса, мұндай жетістікке жете алмас едім. Жұмысымды ауыр қылмай, үздік атануыма септіктерін тигізгендері үшін алғысым зор, - деп бастады сұхбатты үздік қақпашы.

– Өзіңізден бөлек, тағы кімді осы номинацияға лайық деп танисыз?

– «Самұрық-Қазына» лигасында шебер ойыншылармен қатар, тасқамал қақпашылар да көп. Мәселен, менің еркімде болса, «ҚазМұнайГаз» командасының барлық ойыншысына бір-бір номинация беріп шығар едім. Есімдері есімде қалмапты, бірақ олардың қақпашылары да өте мықты.

– Қай командаға қарсы кездесу қиын болды?

– Әлбетте, чемпиондарға қарсы ойын өте ауыр болды. Олар өте мықты команда. Жалпы, «ҚазМұнайГаз» қарсылас шақ келтірмейтін ұжым. Құрамы кіл мықтылармен жасақталған.

– Қалай ойлайсыз, соңғы сәтте екінші орынды уыстарыңыздан шығарып алуларыңыздың себебі неде?

– Ешкімді кемсіткім келмейді. Мұнда бәрі бір адамға байланысты емес. Жеңсе команданың ерлігі, жеңілсе де команда кінәлі. Әлбетте, екінші орынды иемденуден керемет мүмкіндігіміз болған. Бірақ соңғы сәтте басты бәсекелесіміз «Телекомнан» жеңіліп қалып, үшінші орынды қанағат қылуға мәжбүр болдық.

– Ендеше келесі маусымға сәттілік тілейміз!

Тізімге қайта оралу